Құжат мәтініне өту

Текелі қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қаңтардағы "Текелі қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" N 3-27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Өзге акт · № 12-107 · қабылданған 01.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-31-n-3-27/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Текелі қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қаңтардағы "Текелі қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" N 3-27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-107 ·01.06.2009
20.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Текелі қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қаңтардағы "Текелі қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" N 3-27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-107 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Текелі қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қаңтардағы "Текелі қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" N 3-27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Текелі қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қаңтардағы "Текелі қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" N 3-27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12-107
Қабылданған күні
01.06.2009
Көрсетілген редакция
20.12.2013 · қолданыстағы 46742_217164.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DC000063
ЭКБ идентификаторы
46742
Редакция идентификаторы
46742_217164
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:59

0 Текелі қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қаңтардағы "Текелі қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" N 3-27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Текелі қалалық мәслихатының "Текелі қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 3-27 (2008 жылғы 14 наурыздағы "Текелийский рабочий" газетінің 11 нөмірінде жарияланған, 2008 жылғы 5 наурызда 2-3-42 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 28 мамырда N 4-51 шешімімен өзгерістер енгізілген, 2008 жылғы 6 маусымдағы "Текелийский рабочий" газетінің 23 нөмірінде жарияланған, 2008 жылғы 4 маусымда 2-3-49 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) Шешімнің негізгі бөлімінің 1-тарауында "мөлшері мен тәртібі" сөздерінен кейін "қосымшасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2) 1-тараудың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"Осы тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі (әрі қарай – тәртібі) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі "Телефонға төленетін абоненттік тарифтердің көтерілуіне жәрдемақы төлеу мәселелері туралы" N 949 қаулысына сәйкес әзірленген және тұрғын үй көмегінің мөлшері мен беру тәртібін анықтайды.
Пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

а а) уәкілетті орган – қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып саналады;

б б) учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін әкімінің өкімімен құрылатын комиссия".

3 3) 1-тараудың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Тұрғын үй көмегі осы мекенде тіркелген, тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе жалдаушысы болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады".

4 4) 1-тараудың 4-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Уәкілетті орган құжаттарды қабылдап алғаннан кейін қажеттілігіне қарай тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін күнтізбелік бес күн ішінде учаскелік комиссияларға тапсырады. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша өтініш берушілердің құжаттарын отбасына тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау жайлы ұсынысымен құжаттарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға қайтарады.
Құжаттарды қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның қол қойған шешімі қабылданады. Өтініш иесі уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда жоғарғы тұрған уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы".

5 5) 3-тараудың 4-тармағы екінші абзацымен толықтырылсын:

"Тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген отбасылардың (азаматтардың) өтініштерін қарау мерзімі Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, өтінішті қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органмен қаралады және ол бойынша шешім қабылданады; өтінішті қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды тұлғаға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органмен қаралады және ол бойынша шешім қабылданады".

6 6) 3-тараудың 8-тармағындағы "күтетін 55 жасқа толған азаматтар" деген сөздер "күтетіндер" деген сөзбен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы