Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 4 мамырдағы "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ҚАЗАудандық мәслихаттың 2008 жылғы 4 мамырдағы "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 4 мамырдағы "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 4 мамырдағы "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 81
- Қабылданған күні
- 23.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2011 · қолданыстағы AI45509_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CE000094
- ЭКБ идентификаторы
- 45509
- Редакция идентификаторы
- AI45509_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:17
0 Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 4 мамырдағы "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 4 мамырдағы N 32 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" (мем. тіркеу N 3-5-73, 7 мамыр 2008, "Ырғыз" газеті, N 21, 27 мамыр 2008), 2008 жылғы 15 қазандағы N 52 "Аудандық мәслихаттың "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 32 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (мем. тіркеу N 3-5-82, 20 қараша 2008, "Ырғыз" газеті, 2 желтоқсан 2008) шешімдеріне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Кіріспеде:
"Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Бюджет Кодексінің 53-бабы" деген сөздер "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
1-тармақтың 1) тармақшасы төмендегідей редакцияда жазылсын:
Отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен аспайтын аз қамсыздандырылған отбасыларға, ең төменгі зейнетақы алатын және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 1, 2, 3 топтағы жалпы аурулардан, бала кезінен, әскер борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге ай сайын 3000 теңге мөлшерінде;