Қолданыстағы ред. 18.09.2007 (Редакция 35636_307214.kaz)

2008 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы от 18.09.2007 г. № 26 (2008 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы)

0

2008 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 – бабына «Салық және бюджетке төленетін (Салық кодексі) 27 – бабының 2 тармағына және 491 – бабының 2 – тармағына, және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 - бабының 1 – ші, 3 – ші тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2008 жылы сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлем ақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Барлық салық төлеушілерге жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомрбиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері үшін төлемақыны осы ставкаларды қолданып есептеу Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетіне (Қ.Н.Болғанбаев) тапсырылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.З.Тлеубергеновке жүктелсін.

4

4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданы бойынша салық
комитетінің төрағасы:
Қ.Болғанбаев
18.09.2007 жыл

5. Ақтоғай ауданы аумағында орналастырылатын сыртқы жарнамаға ай сайын төлем мөлшерлемесі

Ақтоғай аудандық мәслихатының
2007 жылғы 18 қыркүйектегі
2 – сессиясының № 26 шешіміне
қосымша
Ақтоғай ауданы аумағында орналастырылатын сыртқы жарнамаға ай сайын төлем мөлшерлемесі

Мазмұны
Жарнаманың ерекше бақылау аймағы (айлық есеп көрсеткішінен пайызбен алынғанда)
Жарнаманың жалпы бақылау аймағы (айлық есеп көрсеткішінен пайызбен алынғанда)
Поселкеден шығу /автожол/ (айлық есптік көрсеткішінен пайызбен алынғанда)
1
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын жарнамалар объектілерін орналастыру – 2 шаршы метрге дейін (жерде, іргеде, үй төбесінде, лайтбокстарда)
200
100
100
2
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын жарнамалар объектілерін орналастыру – 2,1 ш.м 5 ш.м дейін (жерде, іргеде, үй төбесінде, лайтбокстарда)
300
200
100
3
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнамалар объектілерін орналастыру – 5,1 ш.м 10 ш.м дейін (жерде, іргеде, үй төбесінде, лайтбокстарда)
400
300
200
4
Уақытша үлгідегі дүңгіршіктер мен павильондарда және шағын архитектуралық үлгілерде
200
100
100