Қолданыстағы ред. 28.11.2007

2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы от 28.11.2007 г. № 239 (2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы)

0

2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 5 бабын, 7 бабының 2 тармақшасын басшылыққа алып, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау және оларға жұмысқа орналасу құқығын көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі қосымшаға және 2008 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Р.С. Мусалимоваға белгіленген шаралар бойынша ең алдымен нысаналы топтарға жататын азаматтарды қамтамасыз ету жүктелсін.

3

3. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 қарашадағы “2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы” № 322 қаулысының (мемлекеттік тіркеу № 7-11-39 13.12.2006 ж.) күші жойылды деп танылсын.

4

4. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төкешева Айгүл Әдиетқызына жүктелсін.

5

5. Осы қаулы қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.

6. 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі:

Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 28 қарашадағы
№239 қаулысына
1 қосымша
2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі:

1

1. Табысы аз адамдар;

2

2. жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3

3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4

4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата- аналар;

5

5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;

6

6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар /жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған/;

7

7. Мүгедектер;

8

8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9

9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10

10. Оралмандар;

11

11. Жұмыссыздар.

18. 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар:

Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 28 қарашадағы
№239 қаулысына
2 қосымша
2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар:

Іс - шаралар
Барлығы, адам саны
Соның ішінде нысаналы топ, адам саны
1
Жұмысқа орналастыру
370
185
2
Қоғамдық жұмыстарға жіберу
380
190
3
Бастапқы даярлауға, байта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу барлығы
50
25
Соның ішінде:
- бастапқы даярлау
- қайта даярлау
- біліктілігін арттыру
15
30
5
10
13
2
4
Әлеуметтік жұмыс орындарыңа жіберу
60
60