2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 5 бабын, 7 бабының 2 тармақшасын басшылыққа алып, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау және оларға жұмысқа орналасу құқығын көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі қосымшаға және 2008 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Р.С. Мусалимоваға белгіленген шаралар бойынша ең алдымен нысаналы топтарға жататын азаматтарды қамтамасыз ету жүктелсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 қарашадағы “2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы” № 322 қаулысының (мемлекеттік тіркеу № 7-11-39 13.12.2006 ж.) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төкешева Айгүл Әдиетқызына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.
Басқа 6. 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі:
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 28 қарашадағы №239 қаулысына 1 қосымша 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі:
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар;
Тармақ 2
2. жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата- аналар;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар /жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған/;
Тармақ 7
7. Мүгедектер;
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақ 10
10. Оралмандар;
Тармақ 11
11. Жұмыссыздар.
Басқа 18. 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар:
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 28 қарашадағы №239 қаулысына 2 қосымша 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар: № Іс - шаралар Барлығы, адам саны Соның ішінде нысаналы топ, адам саны 1 Жұмысқа орналастыру 370 185 2 Қоғамдық жұмыстарға жіберу 380 190 3 Бастапқы даярлауға, байта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу барлығы 50 25 Соның ішінде: - бастапқы даярлау - қайта даярлау - біліктілігін арттыру 15 30 5 10 13 2 4 Әлеуметтік жұмыс орындарыңа жіберу 60 60