2008 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 7 бабының 5 тармақшасы мен 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” №836 қаулысын орындау, сонымен қатар мекемелерден, ұйымдардан түскен сұраныстар мен ұсыныстарға байланысты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2008 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы от 28.11.2007 г. № 240 (2008 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы)
1. Аудан бойынша аудандық, бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі 1 қосымшаға және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 қарашадағы "2007 жылға ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" № 321 қаулысының (мемлекеттік тіркеу № 7-11-38 13.12.2006 ж.) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төкешева Айгүл Әдиетқызына жүктелсін.
4. Осы қаулы қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 28 қарашадағы
№240 қаулысына
1 қосымша
Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі:
1. «Тасқала ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. Мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны «Досуг» аудандық мәдениет демалыс орталығы;
3. Мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны «Акбөпе» аудандық балабақшасы;
4. Мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны «Тасқала балалар жас өспірімдер спорт мектебі»;
5. Мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны «Мектептен тыс балалармен жұмыс орталығы»;
6. «Аумақтық медициналық бірлестік» мемлекеттік мекемесі;
7. «Тасқала ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесі;
8. «Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
9. Тасқала аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі;
10. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі;
11. Аудандық әділет басқармасы;
12. Аудандық салық комитеті;
13. Жалпы білім беру мектептері;
14. «Тасқала ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізуге құқылы) «Тасұқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
15. «Тасқала аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. «Селолық округ әкімдерінің аппараттары” мемлекеттік мекемесі;
17. «ҚР ауылшаруашылық Министрлігінің Тасқала аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі;
18. «Тасқала аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 28 қарашадағы
№240 қаулысына
2 қосымшасы
Коғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі:
№
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Еңбек ақы, теңге (айына)
1
Аумақты көгалдандыру, көркейту және тазалау, саябақтар шаруашылығын сақтау және дамыту жұмыстарына көмектесу.
Көмек көрсету:
әскер қатарына шақыру мерзіміңде, республикалық және облыстық кампаниялар өткізуге (қоғамдық пікірлерді сұрақ санақ жүргізуге), жергілікті тұрғындардан (салықтар жинау кезінде хабарлама тасуға, спорттық жарыстар мен фестивальдар өткізуге, ағымды жөндеуге, лагер аумағын жинастыруға, бұлақтарды тазарту және көркейтуге, малдар мен өсімдіктерді зиянкестер мен ауруларға қарсы мерзімі ішінде жаппай тексеруден өткізуге, уақытша және маусымдық жұмыс мезгілінде және қызметтің өзге түрлеріне.
Ең төменгі жалақы
2
Көмекші жұмысшылар болуға: құрылыс, жолдарды жөндеу және қалпына келтіру, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді күрделі жөндеу, қарттар мен 1,2 топтағы мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеуден өткізу жұмыстарына.
Ең төменгі жалақы