Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О районном бюджете Узункольского района на 2008 год

Өзге акт · № 30 · қабылданған 14.12.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-36297/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
О районном бюджете Узункольского района на 2008 год Қолданыста 14.12.2007 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О районном бюджете Узункольского района на 2008 год

Қолданыста Өзге акт № 30 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О районном бюджете Узункольского района на 2008 год
Атауы (қаз.)
Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30
Қабылданған күні
14.12.2007
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2008
Көрсетілген редакция
14.12.2007 36297_321324.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07NS000062
ЭКБ идентификаторы
36297
Редакция идентификаторы
36297_321324
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:36
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 85 - бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 850 374 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер -216 571 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 388 мың тенге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 222 мың тенге;
алынған трансферттер - 633 193 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 607 193 мың теңге;

2) шығындар - 850 374 мың теңге.

2. Аудандық бюджет кірістер есебіне қосылады:

жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне
салынатын салық;
жер салығы;
бірыңғай жер салығы;
жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салык;
мыналарға акциздер:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамында темекі бар басқа бұйымдарға;
ойын бизнесіне;
лотерея ойынын ұйымдастыруға және өткізуге;
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді коспағанда) және дизель отынына
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; қызметтін жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; аукциондардан алынатын алым;
механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені алынатын алым;
жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге
құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
аудандык маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем;
консулдық алымнан және республикалық бюджеттің есебіне алынатын
мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж болып табылады; коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің шешімі бойынша құқықтарды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері:
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді органдарының шешімдері бойынша өткізілетін мемлекеттік лотереялардан түсетін кірістердің түсімдері;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің түсетін басқа да кірістер;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен түсетін түсімдер;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар:
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер болып табылады;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем болып табылады;
аудан (облыстық маңызы бар қала) коммуналдык меншігіндегі мемлекеттік қаржы активтерін сатудан бюджетіне есептеледі.

3. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсың, оның ішінде:

1) білім беруге 9 400 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде:

негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерде физика кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 7 600 мың теңге сомасында;
неізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелері үшін компьютерлер сатып алуына 1800 мың теңге сомасында;

2) коммуналдық шаруашылық объектілердің материалдық-техникалық базасын нығайтуына 16 600 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер.

4. 2008 жылға арналған Ұзынкөл ауданы жергілікті атқарушы органының резерві 2171 мың теңге сомасында бекітілсін.

5. 2008 жылға арналған аудандық бюджет шығындарында "Бастауыш, негізгі және орта мектептер, балабақша-мектептер" кіші бағдарламасы бойынша ағымдағы ұстауға арналған шығыстардың 1 пайызынан кем емес мөлшерінде жалпы міндетті орта білім корының шығындары ескерілсін.

6. 2008 жылға арналған Ұзынкөл ауданы бойынша кенттің, ауылдың (слоның), ауылдық (селолық) округтік бюджеттік бағдарламалары 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджетті орындау секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсің.

8. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап колданыска енгізіледі.