Об организации оплачиваемых общественных работ в Аршалынском районе на 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации оплачиваемых общественных работ в Аршалынском районе на 2008 году
- Атауы (қаз.)
- Аршалы ауданында 2008 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-837
- Қабылданған күні
- 25.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2007 36614_368453.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07BD000115
- ЭКБ идентификаторы
- 36614
- Редакция идентификаторы
- 36614_368453
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:24
0 Аршалы ауданында 2008 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және 2001 жылдың 19 маусымдағы № 836 Үкімет қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдасгыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін, кәсіпорындар мен ұйымдардың қосымша тізбесі бекітілсін.
2 2. ММ «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» 2008 жылда Аршалы кентінде және ауылдық округтердің кәсіпорындарында жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
3 3. Ақылы қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу нақты орындалған жұмыстары үшін заңнамалармен белгіленген және 2008 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақы мөлшерінен кем болмауы және жергілікті бюджет есебінен төленсін.
4 4. ММ «Аршалы аудандық қаржы бөлімі» 2008 жылға қоғамдық жұмыстарды аудан бюджетінде осы мақсатта қарастырылған қаржы көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Талғат Жаңабергенұлы Мәмбетовке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 2008 жылда аумақтарында ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ауылдық округтар мен кәсіпорындардың тізбесі
Бекітілген
Аршалы ауданы әкімдігінің
2007 жылдың «26» желтоқсандағы
№ А-837 қаулысына қосымша
2008 жылда аумақтарында ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ауылдық округтар мен кәсіпорындардың тізбесі
Ауылдық округтардың атаулары, кәсіпорын, ұйымдардың атауы
Жұмыстардың түрлері
Атқарылған жұмыстардың көлемі (мың теңге)
Жұмыстардың ұзақтығы үш ай (адам саны)
Қоғамдық жұмысқа қатынасушылардың жалпы саны (адам)
1
2
3
4
5
Анар
Ауылдық округтың аймақтарын көріктендіру, қардан тазарту жалғызбасты қарт және ҰОС зейнеткерлерінің пәтерлерін жөндеуге көмектесу, олардың бақшаларын қопсыту және өңдеу, ағаш отырғызу
558,2
қаңтар-3,
сәуір-5,
шілде-7,
қазан-3
18
Ақбұлақ
Ауылдық округ аймағын көгалдандыру, көріктендіру аумақтарды қардан тазарту ағаш отырғызу
469,1
қаңтар-3,
сәуір-5,
шілде-5,
қазан-3
16
Аршалы кенті
Кенттік округтың аймағын көріктендіру, аққала құру, ағаштарды және бұталарды отырғызу, скверлерге күтім жасау, жол шұңқырларын жөндеу, жалғызбасты қарттар мен зейнеткерлердің және мүгедек жандардың пәтерлерін жөндеуге көмектесу
2170,0
қаңтар-13,
сәуір-19,
шілде-20,
қазан-19
70
Бірсуат
Ауылды көріктендіру, ауыл аймағын қардан тазарту ағаштарды және бұталарды отырғызу, жалғызбасты қарт зейнеткерлерге және мүгедек жандардың пәтерлерін жөндеуге көмектесу, олардың бақшаларын отырғызу және өңдеу. Мәдени қызметкерлеріне, мал шаруашылығы инспекторына көмектесу
465,1
қаңтар-3,
сәуір-3,
шілде-6,
қазан-3
15
Вячеслав
Ауыл аймағын қардан тазалау, шұңқыр жолдарды жөндеу, Ауылдық округтардың аумақтарын көріктендіру, агаштарды отырғызу, мәдени-әлеуметтік нысаналарды жөндеу, халықты құжаттандыру бойынша тәртіп сақтау органдарына көмектесу
279,0
қаңтар-2,
сәуір-2,
шілде-3,
қазан-2
9
Волгодонов
Ауылдық округ аймағын, стадионды көріктендіру, әлеуметтік мәдениет объектілерді жөндеу, жалғызбасты қарт зейнеткерлерге пәтерлерін жөндеуге көмектесу. Әлеуметтік карталарды толтыруда көмектесу, мектепке және жылу жүйесіне күзетке тұру
558,2
қаңтар-3,
сәуір-8,
шілде-3,
қазан-4
18
Ижевск
Ауылдық округ аймағын көріктендіру, ағаш отырғызу, жалғызбасты қарт зейнеткерлердің және мүгедектердің пәтерлерін жөндеуге көмектесу, халықтық санаққа қатысу көмек беру. Әскерге шақыру комиссиясына көмектесу
465,1
қаңтар-3,
сәуір-5,
шілде-5,
қазан-2
15
Константинов
Ауылдық округты көріктендіру, қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу, ескерткіштерді күту жұмыстары, патранаждық медбике
713,2
қаңтар-3,
сәуір-5,
шілде-5,
қазан-2
23
Красноозер
Ауылды көріктендіру, ағаш отырғызу, аулалық аралау және әлеуметтік карталарды түзу. Ескерткіштерді жөндеу
248,0
қаңтар-3,
сәуір-5,
шілде-5,
қазан-2
8
Михайлов
Тәртіп сақтау органдарына құқұқтық тәртіп орнатуға практикалық көмек көрсету, Ауылдық округ аймағын көгалдандыру және көріктендіру, Кітапханадағы кітаптарды қалпына келтіру, жалғызбасты қарт зейнеткерлердің және мүгедектердің пәтерлерін жөндеу, ескі қараусыз ғимараттарды бұзу
620,0
қаңтар-3,
сәуір-5,
шілде-5,
қазан-2
20
Булақсай
Ауылдық округ аймағын көріктендіру, жалғызбасты зейнеткерлердің және мүгедектердің пәтерлерін жөндеу және жолдарды жөндеуден өткізу
279,3
қаңтар-1,
шілде-8
9
Сараба
Ауылдық округ аймағын көріктендіру, жалғызбасты зейнеткерлердің және мүгедектердің тұрғын- үйлерін жөндеу, ағаш отырғызу, әлеуметтік карталарды толтыру
310,1
қаңтар-1,
мамыр-6
10
Прокуратура
Ғимаратты күзету, канцеляриядағы жұмыс
155,0
қаңтар-3,
сәуір-5,
шілде-5,
қазан-2
5
Әділет басқармасы
Құжаттарды қарау, мұрағаттағы іс-қағаз жұмыстары
373,1
қаңтар-3,
сәуір-3,
шілде-3,
қазан-3
12
Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі
Әскерге шақыру комиссия сының жеке істерін және құжаттарын рәсімдеу үшін
62,0
сәуір-2
2
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Құжаттарды өңдеуде көмектесу
62,0
қаңтар-1,
сәуір-1
2
№ 1 Аршалы орта мектебі
Мектеп бөлмелерін жөндеу жұмыстары
124,0
мамыр-2,
август-2
4
№ 2 Аршалы орта мектебі
Мектеп бөлмелерін, жылу ошағы мен жүйелерін жөндеу, аумақты көріктендіру
124,0
сәуір-2,
шілде-2
4
Аршалы ауданының мұрағаты
Құжаттарды өңдеу
62,0
сәуір-1,
шілде-1
2
Балалар шығармашылығы орталығы
Бөлмелерде жөндеу жұмысын жүргізу
62,0
мамыр-2
2
Ішкі саясат бөлімі
Құжаттарды өңдеуде көмектесу
62,0
қаңтар-1,
сәуір-1
2
Жас техниктер станциясы
Аймағын көріктендіру, бөлмелерін жөндеуден өткізу.
62,0
мамыр-2
2
Музыка мектебі
Мектеп ауласын көріктендіру, бөлмелерде жөндеу жұмысын жүргізу
62,0
мамыр-2
2
Аршалы ауданының ІІБ
Құжаттарды өңдеуде көмек көрсету
248,0
қаңтар-2,
сәуір-2,
шілде-2,
қазан-2
8
Аршалы ауданы ІІБ ЖПБ
Құжаттарды өңдеуде көмек көрсету
62,0
қаңтар-1,
сәуір-1
2
Көші-қон миграциясы бөлімі
Құжаттарды өңдеуде көмек көрсету
124,0
қаңтар-1,
сәуір-1
шілде-1,
қазан-1
4
Аршалы ауданы әкімінің аппараты
Құжаттарды өңдеуде көмек көрсету
124,0
қаңтар-2,
сәуір-2
шілде-2,
қазан-2
4
Жер қатынастары бөлімі
Құжаттарды өңдеуде көмек көрсету
248,0
қаңтар-2,
сәуір-2
шілде-2,
қазан-2
8
Аршалы аудандық «Жылжымайтын мүлік жөнінде орталық» филиалы
«Жылжымайтын мүлік жөнінде орталық» мұрағатының құжаттарын өңдеу
124,0
қаңтар-2,
сәуір-2
4
Барлығы:
9303,3
300