Қолданыстағы ред. 26.12.2007 - 01.01.2008 (Редакция 36810_311620.kaz)

2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы от 26.12.2007 г. № 24 (2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы)

0

2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Созақ ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1

1)кірістер -2075098 мың теңге, оның ішінде:
салыктық түсімдер -1160538 мың теңге;
салықтық емес түсімдер -831 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер -4852 мың теңге;
трансферттердің түсімдері -908877 мың тенге;

2

2)шығындар -2070523 мың теңге;

3

3)операциялық сальдо --4575 мың теңге;

4

4)таза бюджеттік кредит беру-1900 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу -1900 мың теңге;

5

5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -6475 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу-6475 мың теңге;

6

6)бюджет дефициті - -8375 мың теңге;

7

7)бюджет дефицитін пайдалану - 8375 мың теңге.

2

2. 2008 жылы облыстық бюджетке аудандық бюджеттен жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 50 пайыз мөлшерінде бөлу нормативтері белгіленсін.

3

3. Аудан әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 14900 мың теңге
сомасында белгіленсін, оның ішінде:
төтенше резерві - 2 000 мың теңге;
шұғыл шығындарға арналған резерві - 12 900 мың теңге.

4

4. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталатын бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

5

5. 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

6

6. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте әрбір ауылдық (селолық), поселкелік бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7

7. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабына сәйкес 2008 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда ауылды жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының жиырма бес пайызы мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы қарастырылсын.

8

8. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.