Құжат мәтініне өту

Алакөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

Өзге акт · № 3-2 · қабылданған 25.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.12.2007 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-36828/?version=36828_345479.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Алакөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-2 ·25.12.2007
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Алакөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

ҚАЗАлакөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-2 · қабылданған 25.12.2007

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Алакөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Атауы (қаз.)
Алакөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-2
Қабылданған күні
25.12.2007
Көрсетілген редакция
25.12.2007 · қолданыстағы 36828_345479.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
25.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07DE000052
ЭКБ идентификаторы
36828
Редакция идентификаторы
36828_345479
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:24

0 Алакөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85-шi бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 6-шы бабының 1-шi тармағының 1 тармақшасына сәйкес, және «2008 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алакөл аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 1 қосымшаға сәйкес, 2008 жылға арналған аудандық бюджет төмендегі көлемдерде бекітілсін:

1 1)Kipicтep 2384569 мың теңге, соның ішінде:

Салықтық түсімдер бойынша 710144 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер бойынша 15202 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 116688 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері бойынша 1542535 мың теңге, соның ішінде:
Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер - барлығы 1542535 мың теңге, соның ішінде:
Ағымдағы нысаналы трансферттер 86687 мың теңге, соның ішінде:
әлеуметтік көмекке 37650 мың теңге, соның ішінде;
18 жасқа дейін балаларға арналған жәрдемақы төлеуге 5500 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 1650 мың теңге;
халыққа тұратын үй көмегін көрсетуге 30500 мың теңге;
білім беруге 49037 мың теңге, соның ішінде;
жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге 30851 мың теңге;
мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінде линғафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға 11164 мың теңге;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға 7022 мың теңге;
дамытуға арналған мақсатты трансферттер 326698 мың теңге, соның ішінде;
білім беру обьекттерінің құрылысына 269484 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайғастыруға 24173 мың теңге;
тұрғын үй салуға 32000 мың теңге;
мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға 1041 мың теңге.

2 2)шығындар 2384569 мың теңге,

3 3)операциялық сальдо 56000 мың теңге,

4 4)таза бюджеттік несиелендірулер 0 теңге,

5 5)қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо 56000 мың теңге,

6 6)тапшылық 0 теңге,

7 7)бюджет тапшылығын қаржыландыруға 0 теңге.

2

2. «Жеке табыс салығы», «Әлеуметтік салық», «Жер үcтi көздерінің су ресурстарын пайдалануға төленетін ақы», «Орманды пайдалануға төленетін ақы», және «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін ақы», кодтары бойынша түсімдер бірыңғай бюджеттік жіктеу кipicтepінің жіктелуі аудандық бюджетке 100%-мөлшерде түceтіні белгіленсін.

3 3. 2008 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция - 1129150 мың теңге сомасында белгіленсін.

4 4. 2 қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру үшін аудандық бюджетте аудан бюджетіне бөлінетін мақсатты трансферттер - 49037 мың теңге сомасында қарастырылсын, онын ішінде:

мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және орта білім беру мекемелерінде линғафон және мультимедия кабинеттерін құруға - 11164 мың теңге;
мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға - 7022 мың теңге;
мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесіне интерактивтік оқытуды енгізуге - 30851 мың теңге.

5 5. 3 қосымшаға сәйкес, аудандық бюджетте табысы аз отбасыларына 18 жасқа дейін балаларға мемлекеттік жәрдемақыларға -5500 мың теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке -1650 мың теңге, халыққа тұрғын үй көмек көрсетуге - 30500 мың теңге.

6 6. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға аудан бюджетіне төмендегілерді дамытуға мақсатты трансферттер қарастырылсын:

4 қосымшаға сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және жайғастыруға - 24173 мың теңге сомасында;
5 қосымшаға сәйкес, мемлекеттік коммуналды тұрғын үй қоры тұрғын үйлерінің құрылысына - 32000 мың теңге сомасында.

7 7. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте 6 қосымшаға сәйкес, білім беру объектілерінің құрылысына аудандық бюджетті дамытуға 269484 мың теңге сомасында мақсатты трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

8 8. Аудан Әкімдігі қаулысымен анықталатын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2008 жылға арналған аудан Әкімдігінің резервіне 19514 мың теңге сомасы белгіленсін.

9

9. 7 қосымшаға сәйкес, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жүзеге асыруға және заңды тұлғалардың жарғылықты капиталын қалыптастыру немесе көбейтуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлумен 2008 жылға арналған аудан бюджетін дамытудың жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізімі бекітілсін.

10 10. 8 қосымшаға сәйкес, 2008 жылға арналған аудан бюджетін орындау процессінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрге жатпайтындығы белгіленсін.

11 11. Алакөл аудандық әкімдігіне мынандай ұсыныстар жасалсын:

12 12. Аудан мен қала, сондай-ақ аудандық атқарушы органдардың және мемлекеттік басқару органдарының штат санының лимиты және қызметтік және автокөлік лимит анықталсын.

13 13. Жергілікті деңгейде қызмет көрсету бойынша шараларды қаржыландыру бөлімдерге ағымдағы есеп-шоттары арқылы жүргізілсін.

14 14. Аудан мен қала әкімдері, аудан бойынша салық комитеті аудан бюджетінің салықтар мен төлемдер бойынша болжамды көрсеткіштерінің толық және сапалы орындалуын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық деңгейдегі бюджетке берешегін азайтуды және қосымша кipic көздерін табуды қамтамасыз етсін.

15 15. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.