2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы
ҚАЗ2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-2
- Қабылданған күні
- 25.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2007 · қолданыстағы 36842_372557.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07VP000045
- ЭКБ идентификаторы
- 36842
- Редакция идентификаторы
- 36842_372557
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:24
0 2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80, 85-баптарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/28-ІV аудандықмәслихат шақырылған III сессиясы шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1 1) кірістер - 2086045,0 мың теңге, соның шінде:
салықтық түсімдер - 280738,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1606,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 19000,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 1784701,0 мың теңге;
2 2) шығындар - 2086045,0 мың теңге;
3 3) операциялық сальдо - 0;
4 4) таза бюджеттік кредит беру - 0;
бюджеттік кредит - 0;
5 5) бюджеттік кредиттерді өтеу -0;
6 6) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттік қаржы активі ерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
7 7) бюджет тапшылығы (лрофициті) - 0;
8 8) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)-0;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 0.
2 2. Аудандық бюджеттің шығыстарында:
1
1) аудандық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге қатысты 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
2 2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бастауыш білім берудің педагог қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесін аптасына 20 сағаттан 18 сағатқа дейін азайтуға қатысады «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын ңске асыруға арналған қаражат ескерілді.
3
3. «Агроонеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабына сәйкес ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықақы мен тарифтік ставкалары жиырма бес процентке көбейтілсін.
4 4. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамамдарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен 1000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
5 5. 2008 жылға арналған ауылдық, кенттік округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламалар тізбесі 2-ші қосымшаға сәйкес бекітілсін.
6 6. 2008 жылға арналған аудан бюджетін атқару барысында секвестірлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 3-ші қосымшаға сәйкес белгіленсін.
7 7. Аудандық бюджетке облыстық бюджеттен мынадай мөлшерде трансферт көзделгені ескерілсін, соның ішінде:
оқу орындарын аяқтағаннан кейін селолар мен ауылдарда жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге) материалдық көмек көрсетуге 846,0 мың теңге;
азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек көрсетуге (ҰОС қатысушылар, ҰОС мүгедектері және оларға теңестірілгендер, ҰОС
теңестірілгендердің жесірлері) 9108,0 мың теңге;
аз қамтылған отбасалары балаларын жоғарғы оқу орындарында оқытуға 2131,0 мың теңге.
8 8. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
19 Тарбағатай аудандық мәслихатының
2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-2
шешіміне № 1 қосымша
20 Тарбағатай аудандық мәслихатының
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 3-2 шешіміне № 2 қосымша
21 Тарбағатай аудандық мәслихатының
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 3-2 шешіміне № 3 қосымша