2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы от 14.01.2007 г. № 1 (2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы)
1. Төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдар мен мекемелердің тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемі, қаржыландыру тәртібі мен шарттары бекітілсін (№ 1, № 2 қосымшалар).
2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.В.Семенова) төлемді қоғамдық жұмыстардың ұйымдар мен мекемелерде заңдылық талаптарына сай өткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж.Шоқаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
5. Үржар аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 604 «2007 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру мен қаржыландыру және нысаналы топтарды анықтау туралы» қаулысының (әділет басқармасында 2007 жылы 29 қаңтарда тіркелген, № 5-18-42) күші жойылды деп саналсын.
2008 жылғы «14» қаңтардағы
Үржар аудандық әкімдігінің
№ 1 қаулысына № 1 қосымша
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік багдарламалар
бөлімінің бастыгы:
С. Семенова
2008 жылғы «14» қаңтардағы
Үржар аудандық әкімдігінің
№ 1 қаулысына № 2 қосымша
Төлемді қоғамдық жұмыстарды
қаржыландырудың тәртібі мен шарттары
Қоғамдық жұмыстар меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен мекемелерде аудандық жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылуы мүмкін.
Бұрынғы жұмыс орындарын сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды қолдау мақсатындағы аудан үшін әлеуметтік және экономикалық маңызы бар жобалар бойынша ұйымдастырылатын төлемді қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жұмыс ұзақтығын бір жылға дейін созуға болады.
Конкурстық іріктеу негізінде аудан үшін әлеуметтік және экономикалық маңызы бар жобалар бойынша «Жұмыс орындарын сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды қолдауға бағытталған төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жобаларын конкурстық іріктеуді өткізу туралы» Тәртібіне сәйкес аудандық жұмыспен қамту бағдарламасында төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қарастырылған қаржының 10 пайызы мөлшерінде төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылуы мүмкін.
Жыл сайын аудан әкімдігінің қаулысымен нысаналы топтар, мекемелердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақтылы шарттары, қаржыландыру көздері, сондай-ақ төлемді қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың келесі жылға еңбек нарығындағы жағдайларды ескере отырып, еңбек төлемінің мөлшері бекітіледі.
Төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстар жүргізуге, қызмет көрсетуге ауданда мемлекеттік тапсырыстарды орналастырған кезде алдын ала қарастырылады.
Төлемді қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру облыстық, аудандық бюджет және жұмыс берушілер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Жұмыс беруші және бюджет қаржысының есебінен төлемді қоғамдық жұмыстарды бірігіп қаржыландыру да мүмкін. Жұмыс берушілердің қаржылары есебінен толық немесе жартылай қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар олардың тапсырысы бойынша ұйымдастырылады.
Төлемді қоғамдық жұмыспен қамтылған адамдардың еңбек төлемінің мөлшері орындайтын жұмыстың санын, сапасын және қиындығын ескере отырып, толық жұмыс күніне төленетін Қазақстан Республикасындағы еңбекақының ең төмен мөлшерінен кем болмауы керек. Қолданыстағы жұмыспен қамту туралы заңнамалардың қоғамдық жұмыстарға еңбек ақы төлеу жөніндегі тармағы өзгерген жағдайда еңбек ақы төлеу мөлшері де өзгеруі мүмкін.
Қоғамдық жұмысқа қатысушының еңбек төлемін қаржыландыру жұмыссыздардың жеке шотына еңбек төлем сомасын аудару жолымен бюджет қаржысының есебінен жүргізіледі.
Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы шартта белгіленгендей есеп береді.
Төлемді қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91 бұйрығымен бекітілген, халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті орган мен жұмыс беруші арасындағы қоғамдық жұмыстарды орындаудың үлгі шарты және жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрық бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттік қаржыны мақсатсыз пайдаланганы үшін заңдылықтарга сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Жұмыс орнын ұйымдастыруды, тиісті және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуді, еңбек қорғау жағдайын, жұмысқа уақытша жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді, келтірілген зиянды өтеуді, төлемді қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруды, қолданылып жүрген заңнамаларга сәйкес, төлемді қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың еңбек төлемін қаржыландыру тәртібіне қарамастан жұмыс беруші жүргізеді. Әртүрлі жұмыстарға қатысушылардың саны, қатысу ұзақтығы және ұйымдардың тізбесі 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізуге аудан бюджетінде қарастырылған қаржы мөлшерінде тапсырыс пен ұсынысқа байланысты өзгертілуі мүмкін.
Төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша есепке алу мен есеп беруді белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық өкілетті органдар мен жұмыс берушілер жүргізеді.
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік багдарламалар
бөлімінің бастыгы:
С. Семенова