Об организации общественных работ на 2008 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ на 2008 год
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28/01
- Қабылданған күні
- 28.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2007 36886_321255.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07KI000039
- ЭКБ идентификаторы
- 36886
- Редакция идентификаторы
- 36886_321255
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:19
0 2008 жылға қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын және 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережелерін орындау мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің тізімі, жұмыс түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбекақысы Қазақстан Республикасында бекітілген ең аз еңбекақысынан төмен емес 10515 (Он мың бес жүз он бес) теңге, толық емес жұмыс күн және оралымды кесте бойынша жұмыс істеу мүмкіндігімен бекітілсін.
3 3. Қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтардың еңбекақысы жергілікті бюджет қаражатынан төленсін.
4 4. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган (С.А. Ақсанов) нақты еңбек жағдайларын көрсетіп, қоғамдық жұмыстарды орындауға жүмыс берушілермен бір үлгідегі келісімшарттар жасасын.
5 5. Абай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 38/19 «2007 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы күшін жойған болып саналсын.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннаң кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 7. Бұл қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары І.І. Ісләмовқа жүктелсін.
8 2008 жылға Абай ауданының кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрі мен көлемінің тізімі
Абай ауданы әкімдігінің
2007ж. 28.12.
«2008 жылға қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы» № 28/01
қаулысына қосымша
2008 жылға Абай ауданының кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрі мен көлемінің тізімі
Кәсіпорындар, үйымдар
Адамд саны
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
«Жігер-2004» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
270
Тұрғын үй массивтерінің территорияларын қоқыстардан, қардан тазарту, қаланы көркейту, көгалдандыру, экологиялык жақсарту.
«Жігер-Су» қосалқы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
5
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары
Меншікті пәтерлердің кооперативтері
36
Үйлерді жылыту кезеңіне дайындау
Қала, ауыл және кент әкімдерінің аппараттары
54
Тұрғын үй массивтерінің территорияларын қоқыстардан, қардан тазарту, қаланы көркейту, көгалдандыру, экологиялық жақсарту.
Жөндеу-құрылыстық жұмыстары, салық жинауға, статистикалык сауалнамалар өткізуге көмектесу
Қаржы бөлімі, қазынашылық бөлімі
10
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жүмыстары
Денсаулық сақтау мекемелері
10
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары, территорияларды көркейту
Білім беру мекемелері
4
Оқушылардың және балалардың аулалық клубтарында бос уақыттарын өткізуін ұйымдастыру
Мәдениет мекемелері
10
Жылыту кезеңіндегі қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстар. Жылыту кезеңінде қосалқы жүмыстар. Мәдени шаралар өткізу
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері
30
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Халықтың әлсіз топтарына көмек және қызмет көрсету, мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьердің жүмысы
Қорғаныс ісі бойынша бөлім
16
Әскерге шақыру және жазылу кампанияларын өткізу
Абай аудандық ішкі істер басқармасы, прокуратура, әділет басқармасы, соттар, соттардың территориялық учаскелері, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасы
40
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Халықты құжаттандыруға көмектесу. Мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьердің жұмысы
Өрт бөлімі
3
Халықты өрт қауіпсіздігіне оқыту
4777 әскери қоймасы
3
Мекемені ағымдағы жөндеу
Ауылдардың әкім аппараттары
60
Мал асырау және ауылшаруашылық өнімдерін өсіру бойынша бригадаларды ұйымдастыру
Аудандық статистика бөлімі
30
Халықтың және малдың санағын жүргізу бойынша жүмыссыздардың топтарын ұйымдастыру
Салық комитеті
19
Халықтан салық жинауға көмектесу. Есеп кампаниясын өткізуге көмектесу
Барлығы
600