2008 жылға жер салығының базалық мөлшерін жоғарылату туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2008 жылға жер салығының базалық мөлшерін жоғарылату туралы
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылға жер салығының базалық мөлшерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-20
- Қабылданған күні
- 24.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2007 · қолданыстағы 37039_347745.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07DL000061
- ЭКБ идентификаторы
- 37039
- Редакция идентификаторы
- 37039_347745
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:27
0 2008 жылға жер салығының базалық мөлшерін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республиқасының Кодексінің (Салық Кодексі) 338-бабының 1- тармағына және «Қазақстан Реопублиқасының Жер Кодексіне» сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге болу сызбалары (схемалары) негізінде және Қаратал ауданы әкімінің 2007 жылғы 13 қарашада № 2-10-745 хатына сәйкес Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Үштөбе қаласының аймақтық әкімшілік жерлеріндегі, жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығының бағбанды және саяжай құрылысын жүргізу үшін елді мекендер, өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық емес мақсатындағы заңды, жеке тұлғалардың шұғылдануға берілген жер салық базасының мөлшері 2008 жылға 50 пайызға жоғарылатылсын.
2
2. 2008 жылға ауылшаруашылық максатындағы елді мекендер, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық емес мақсатындағы заңды, жеке тұлғалардың өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығынын бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді алғанда, ауыл округтерінің жерлеріне жататын және Опытное, Фрунзе учаскесі, Үшкөмей, Үштөбе қаласынан басқа ауылдарының жер салық базасының мөлшері 40 пайызға жоғарылатылсын.
3
3. Қаратал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 16 қазандағы № 44-190 «2007 жылға жер салығының базалық мөлшерін жоғарылату туралы» шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 13 қарашада 2-12-40 нөмірімен тіркелген, 2006 жылдын 17 қарашасында аудандық «Қаратал» газетінің 46 нөмірінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
4 4. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ: