Об утверждении правил оказания жилищной помощи на 2008 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил оказания жилищной помощи на 2008 год
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 19.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2010 AI37123_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07NH000086
- ЭКБ идентификаторы
- 37123
- Редакция идентификаторы
- AI37123_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:35
0 2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, 2007 жылғы 10 желтоқсандағы Денисов ауданы әкімдігінің № 424 "2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережесін жобасын Денисов аудандық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізу туралы" қаулысын қарап Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. "2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережесі" бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саласының дамуы, құқық және заңдылық сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктеледі.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелері
Мәслихаттың
2007 жылдың 19 желтоқсандағы
№ 23 шешімімен бекітілген
2008 жылға арналған тұрғын
үй көмегін көрсету ережелері
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы 15 процент нормативтер шегінде коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау төлемі аспайтын отбасыларға баспана ұстау және коммуналдық қызметтері, байланыс қызмет көрсетулері үшін (жеке тұрғын үйді ұстаудан тыс) көмек көрсетіледі.
2 2. Тұрғын үй көмегі "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай - уәкілетті орган) арқылы төленеді.
2 2. Тұрғын үй көмегін алушылар
3 3. Тұрғын үй көмегі табысы аз санатына кіретін, Денисов ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе пайдаланушылар болып табылатын (жалға алушылар) азаматтарға беріледі.
4 4. Иелігінде баспанасы бір бірлігінен көп отбасылар (азаматтар) немесе тұрғын жайларды жалға (арендаға) берушілер тұрғын-үй көмегін алуға құқығы жоқ.
5 5. Егер де отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде емес және әлеуметтік қорғау органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдар болса, ол отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
Айрықшалық ретінде:
1 1) мүгедектерге қарап жүрген тұлғалар (негізі – медициналық қорытынды), асыраушысы жоқ болуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік көмегін алатын тұлғалар, 3 топтағы мүгедектер;
2 2) үш жасына дейін балалары бар аналар және жаңа туған нәрестені асырап алған әйелдер (еркектер) Қазақстан Республикасының Енбек Кодіксіне сәйкес үш жасқа дейін балаға қарау үшін жұмыс орындарында еңбекақы төленбейтін демалысқа шыққан, немесе олардың орындарын басқандар;
3 3) көп уақыттан бері туберкулез диспансерінде стационарлық немесе амбулаторлық емдеуде тұрған тұлғалар;
4 4) Қазақстан Республикасында тұрақты мекендеген босқындар статусы бар тұлғалар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар.
3 3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
6 6. Тұрғын үй көмегін тағайындау мерзімде мынадай нормалар есепке алынады:
1 1) отбасының бір мүшесіне-18 шаршы метр, оған қоса бір отбасына 9 шаршы метр, бір бөлмелік пәтерден кем емес;
2 2) жалғыз тұратын зейнеткерлерге және мүгедектерге, тұрып жатқан алаңына қарамастан, бірақ нақтыдан көп емес, 30 шаршы метрден тұрғын алаңы нормасы есепке алынады.
Көмегінді тағайындау объектісі болып, ауданның коммуналдық кәсіпорындарымен берілетін, нормативтік көлемі шегінде, отбасынының пайдаланудағы тұрғын жай табылады:
пәтер ақы;
жылыту;
суық су, бір адамға норма бойынша;
канализация, бір адамға норма бойынша;
электронэнергия, бір адамға 50 киловаттан аспау тиіс;
телефон үшін абоненттік төлем;
бір адамға нормалар бойынша табиғи газ пайдаланғанда, ал баллондық газ пайдаланғанда бір адамға 6,7 килограмм аспау тиіс.
Баспана ұстау мен коммуналдық қызметтері үшін төлемақы осы ережелерде белгіленген нормадан жоғары болса, төлеу жалпы негіздер бойынша жүргізіледі.
4 4. Тұрғын үй көмегін тағайындауға азаматтардың өтініш жасау мен ол үшін деректер базасын қалыптастыру тәртібі
7 7. Үүміткер тұрғын үй көмегін алуға уәкілетті органға мыналарды тапсыру тиіс:
тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі өтініш;
жеке куәлігінің көшірмесі;
СТН көшірмесі;
өткен тоқсандағы табысы туралы құжаттар арқылы расталған деректер;
қозғалмайтын мүлігі бар болуы туралы анықтама, жылына бір рет;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі;
коммуналдық қызметтерге төлеу туралы құжаттардың көшірмелері.
8
8. Азаматтар тоқсан сайын уәкілетті органға тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жасайды. Азаматтар тоқсан ішінде тіркеуден себепсіз өтпеген жағдайда тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Отбасының құрамындағы өзгеріс туралы, 10 күн мерізімнде хабарламаған болса азаматтарға, тұрғын үй көмегін беру тоқтатылады.