Қолданыстағы ред. 19.12.2007

Іле ауданы бойынша 2008 жылы істелетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыс істейтін мекемелердің тізбесін бекіту туралы от 19.12.2007 г. № 13-13413 (Іле ауданы бойынша 2008 жылы істелетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыс істейтін мекемелердің тізбесін бекіту туралы)

0

Іле ауданы бойынша 2008 жылы істелетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыс істейтін мекемелердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13-шi тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 маусым 2001 жылғы № 836-шы қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Іле ауданы бойынша 2008 жылы істелетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыс істейтін мекемелердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Мемлекеттік Мекемесі (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы.):

1

1)2008 жылға белгіген қаржы көлемінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын, жұмыссыз есебінде тіркелген азаматтарды қоғамдық жұмысқа жіберсін және жұмыс берушілердің төлемақы төлеуге дайындаған құжаттарын дер кезінде тапсыруын бақыласын;

2

2)қоғамдық жұмыстарға қатысқандардың төлем ақылары аудандық Қазпошта арқылы жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына жіберілсін.

3

3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға төленетін айлық еңбек ақы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.

4

4. Аудандық қаржы бөлімі (Дүйшенбаева Ләззәт Балиханқызы) жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстардың төлем ақысына ақшалай қаржыны мерзімінде бөлуді қамтамасыз етсін.

5

5. Іле ауданы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 18 сәуірдегі «Іле ауданы бойынша 2007 жылы істелетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыс істейтін мекемелердің тізбесін бекіту туралы» № 4-2127-шi қаулысы 2007 жылы 16 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 2-10-48 болып енгізілген, 2007 жылы 18 мамырда «Іле таңы» газетінің № 1 санында жарияланған, орындалуына байланысты күшін жойсын.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Файль Виктор Александровичке және Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекеме бастығы Құматаев Нұрлан Орынбасарұлына жүктелсін.

7

7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.