Іле ауданы бойынша 2008 жылы істелетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыс істейтін мекемелердің тізбесін бекіту туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Іле ауданы бойынша 2008 жылы істелетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыс істейтін мекемелердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13-шi тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 маусым 2001 жылғы № 836-шы қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Іле ауданы бойынша 2008 жылы істелетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыс істейтін мекемелердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Мемлекеттік Мекемесі (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы.):
Тармақша 1
1)2008 жылға белгіген қаржы көлемінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын, жұмыссыз есебінде тіркелген азаматтарды қоғамдық жұмысқа жіберсін және жұмыс берушілердің төлемақы төлеуге дайындаған құжаттарын дер кезінде тапсыруын бақыласын;
Тармақша 2
2)қоғамдық жұмыстарға қатысқандардың төлем ақылары аудандық Қазпошта арқылы жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына жіберілсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға төленетін айлық еңбек ақы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі (Дүйшенбаева Ләззәт Балиханқызы) жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстардың төлем ақысына ақшалай қаржыны мерзімінде бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Іле ауданы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 18 сәуірдегі «Іле ауданы бойынша 2007 жылы істелетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, оларды қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыс істейтін мекемелердің тізбесін бекіту туралы» № 4-2127-шi қаулысы 2007 жылы 16 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 2-10-48 болып енгізілген, 2007 жылы 18 мамырда «Іле таңы» газетінің № 1 санында жарияланған, орындалуына байланысты күшін жойсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Файль Виктор Александровичке және Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекеме бастығы Құматаев Нұрлан Орынбасарұлына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.