2008 жылы жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңдарына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік – қорғаусыз санатындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігінің ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2008 жылы жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы от 23.01.2008 г. № 9/1 (2008 жылы жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы)
1. Лебяжі ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты топ құрамына кіретін тұлғалардың тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі № 2 қосымшаға сәйкес келісілсін.
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғындардың мақсатты тобынан жұмыссыздар үшін 50 әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын мекемелердің тізімі сәйкес анықталсын.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға келісімшарттарды жасау жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылсын.
5. Ауданның қаржы бөлімі бекітілген қаржы шегінде аудандық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
«2008 жылға арналған қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
№ 9/1 қаулысымен
бекітілді
№ 1 қосымша
Лебяжі ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты топ құрамына кіретін тұлғалардың ТІЗБЕСІ
1. Аз қамтамасыз етілгендер;
2. 21 жасқа дейінгі жастағы жастар;
3. 23 жасқа дейінгі ат – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар, балаларды үйінің тәрбиеленушілері;
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін көп балалы, жеке басты ата - аналар;
5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама тәртібімен үнемі күтімді, жәрдемді немесе бақылауды қажет ететін тұлғаларды қарайтын азаматтар;
6. Зейнет жасына дейінгі тұлғалар (жасы бойынша зейнетке шығуына дейін екі жыл қалғанда);
7. Мүгедектер;
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар;
9. Мәжбүрлі емдеу немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
10. Оралмандар;
11. 50 жастан жоғары тұлғалар;
12. Дәрігерлі кеңестік – комиссияның анықтамасы еңбекке шектеулері бар тұлғалар;
13. Бірде бір жұмыскері жоқ аз қамтамасыз етілген отбасылардан жұмыссыздар.
Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
«2008 жылға арналған қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
№ 9/1 қаулысымен
бекітілді
№ 2 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасының «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген.
2. Тұрғындардың мақсатты тобындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді уәкілетті орган түскен өтініштер негізінде жүргізеді.
3. Уәкілетті орган басшысының бұйрығымен әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктейтін комиссия құрылады. Комиссия мәжілісі айына бір рет өткізіледі.
4. Жұмыс берушілерден келіп түскен өтініштер кіріс құжаттарында тіркеліп, комиссияның қарауына дайындауға комиссия хатшысына беріледі.
5. Іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
а) кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, мемлекет алдында салық және басқа міндетті төлем ақылар алдында қарыз болмауы;
б) кәсіпорынмен зейнетақы қорына және әлеуметтік сақтандыру қорларына аударымдар жасауды іске асыру;
в) ұсынылған жұмыс орнына арналған жалақы мөлшері;
г) кәсіпкер жұмыскерлерінің жалақысын уақытылы төлеу.
6. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және уәкілетті органдармен жұмыс беруші арасында келісімшарт жасау үшін негіз болады.
Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
«2008 жылға арналған қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
№ 9/1 қаулысымен
бекітілді
№ 3 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын мекемелердің
ТІЗІМІ
№
Селолық
округтардың
атауы
Орын саны
сомасы
(мың
теңге)
1
Восточный
4
194,0
2
Жамбыл
2
111,0
3
Қазы
2
111,0
4
Қызылағаш
5
Қызыләскер
4
194,0
6
Лебяжі
16
512,0
7
Майқарағай
8
Малыбай
4
194,0
9
Шарбақты
10
Шақа
16
512,0
11
Ямышево
2
112,0
12
Барлығы:
50
1940,0