Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест в Щучинском районе в 2008 году

Қаулы · № а-1/40 · қабылданған 28.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-37471/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест в Щучинском районе в 2008 году Күшін жойған Қаулы ·№ а-1/40 ·28.01.2008
28.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест в Щучинском районе в 2008 году

Күшін жойған Қаулы ·№ а-1/40 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест в Щучинском районе в 2008 году
Атауы (қаз.)
Щучье ауданында 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-1/40
Қабылданған күні
28.01.2008
Көрсетілген редакция
28.01.2008 37471_299765.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08BS000125
ЭКБ идентификаторы
37471
Редакция идентификаторы
37471_299765
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:08

0 Щучье ауданында 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Нұрпанова М. Б.) жасалған шарттар негізінде құрылған әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты 2008 жылы ұйымдастырсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынып отырған жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегін төлеу бюджет қаржысы және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаржысы есебінен жүргізілсін.

4 4. «Щучье ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Корнеева В. И.) аудандық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаржы шегінде әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды уақытында қамтамасыз етсін.

5

5. «Щучье ауданында 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № а-1/33 қаулысының (Щучье ауданының әділет басқармасында 2007 жылығы 12 ақпанда 1-19-95 нөмірімен тіркелген, «Бурабай» газетінің 2007 жылғы 8 наурызындағы 11 нөмірінде, «Луч» газетінің 2007 жылғы 22 ақпандағы 15 нөмірінде жарияланған) күшін жойған деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Алтаеваға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Щучье ауданы әкімдігінің

2008 жылғы 28 қаңтардағы № а-1/40
қаулысымен бекітілді
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың ұсынып отырған жұмыс берушілердің тізбесі

р/н
Кәсіпорындардың, ұйымдардың атаулары
Әлеуметтік жұмыс орындары
Жұмысты орындау мерзімі
Жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың саны
Бір адамға еңбекақының мөлшері
Қаржыландыру көзі
1.
«Қазақ саңырауарлар қоғамының Щучинск оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі
Қосалқы жұмысшы
Жыл барысында
13 адам
10515
Жергілікті бюджеттен 5257,5 т.
Жұмыс берушінің қаржысынан 5257,5 т.
2.
«Әлия» пәтер иелерінің кооперативі
Қосалқы жұмысшы, аула тазалаушы - бақылаушы
Жыл барысында
2 адам
10515
Жергілікті бюджеттен 5257,5 т.
Жұмыс берушінің қаржысынан 5257,5 т.
3.
«Бытовик» пәтер иелерінің кооперативі
Қосалқы жұмысшы
Жыл барысында
1 адам
10515
Жергілікті бюджеттен 5257,5 т.
Жұмыс берушінің қаржысынан 5257,5 т.
4.
«Бурабай Строй Технология» пәтер иелерінің кооперативі
Аула сыпырушы
Жыл барысында
5 адам
10515
Жергілікті бюджеттен 5257,5 т.
Жұмыс берушінің қаржысынан 5257,5 т.
5.
«Қамал-2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Аула сыпырушы
Жыл барысында
3 адам
10515
Жергілікті бюджеттен 5257,5 т.
Жұмыс берушінің қаржысынан 5257,5 т.

Қолданыстағы