Қолданыстағы ред. 21.12.2007 (Редакция 37795_331540.kaz)

2008 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы от 21.12.2007 г. № 39-III (2008 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы)

0

2008 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 13), 15) тармақшаларын басшылыққа алып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 Кодексінің (Салық кодексі) 338-бабының 1-тармағының талаптары және Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінің 2007 жылғы 28 қарашадағы №1703 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Салық кодексінің 329-бабымен белгіленген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге және 334-бабымен белгіленген елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары аудан бойынша 2008 жылға 50 пайыз мөлшерінде өсірілсін.

2

2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №301-XXXIY «Ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары туралы» (аудандық әділет басқармасында 2006 жылы 25 желтоқсанда №4-8-65 мемлекеттік тіркелген, аудандық «Серпер» газетінде 2007 жылы 10 қаңтарда 2 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылсын.

3

3. Осы шешім 2008 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енгізілсін.

4

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттын экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш.Жәлелов) тапсырылсын.
Келісілді:
Құрманғазы ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Ғ.Мырзағалиев