2008 жылға жеке кәсіпкер, занды тұлға ,
оның бөлімдері,құрылымдары және
басқа да жекеленген структуралық
бөлімшелер ойын бизнесі саласында
көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық
салық ставкаларының мөлшері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабының талаптары және Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы №1748 ұсыгысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2008 жылға жеке кәсіпкер, занды тұлға, оның бөлімдері,құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық бөлімшелер ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы от 21.12.2007 г. № 41-III (2008 жылға жеке кәсіпкер, занды тұлға, оның бөлімдері,құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық бөлімшелер ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы)
1. 2008 жылға жеке кәсіпкер, занды тұлға ,оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық бөлімшелер ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтықсалық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылы 15 желтоқсадағы №305-XXXIY
«2007 жылға жеке кәсіпкер, занды тұлға ,оның бөлімдері, құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық бөлімшелер ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы» (аудандық Әділет басқармасында 2006 жылы 25 желтоқсанда №4-8-69 мемлекеттік тіркелген, аудандық «Серпер» газетінде 2007 жылы 10 қараша 2 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім 2008 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енгізілсін .
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш. Жәлелов ) тапсырылсын.
Келісілді:
Ғ.Мырзагалиев
Құрманғазы ауданы
бойынша салық
комитетінің төрағасы
Аудандық Мәслихаттын
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№41-III шешіміне қосымша
2008 жылға жеке кәсіпкер, занды тұлға, оның бөлімдері,
құрылымдары және басқа да жекеленген структуралық
бөлімшелер ойын бизнесі саласында көрсеткен қызметіне
тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы
№
Ойын бизнесі түрлері және салық салу объктілері
Тәркелген жиынтық ставкаларының мөлшері ( теңге)
жылына
1
Ойын өткізу үшін қолданатын жеке компьютерлер үшін
20 айлық есептік көрсеткіш (АЕКх20)
2
Боулинг (әрбір ойын жолы үшін)
300 айлық есептік көрсеткіш (АЕКх300)
3
Әрбір карт (картинг үшін)
150 айлық есептік көрсеткіш (АЕКх150)
4
Бильярд (1 столға)
150 айлық есептік көрсепкіш(АЕКх150)
Ескерту: Айлық есетік көрсеткіш 2008 жылға қабылданған мемлекеттік бюджет заңына сәйкес.