«О проведении приписки граждан к призывному участку по Бородулихинскому району в 2008 году»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О проведении приписки граждан к призывному участку по Бородулихинскому району в 2008 году»
- Атауы (қаз.)
- «2008 жылы Бородулиха ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу өткізу туралы»
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 12.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 12.02.2008 37887_378252.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VH000053
- ЭКБ идентификаторы
- 37887
- Редакция идентификаторы
- 37887_378252
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:01
0 «2008 жылы Бородулиха ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу өткізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери
міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-
бабының 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында
әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды
жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қаулысының 2-бөліміне
сәйкес, жасөспірімдерді әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери
қызметке жарамдылығын, жалпы білімдік деңгейін, алған мамандықтарын
және дене даярлықтарын анықтау мақсатында Бородулиха ауданының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына (С.Д.Сатыбалдиев) (келісім бойынша):
1 1) тіркеуге алу кезінде 17 жасқа толатын жэне бұрын тіркеуден өтпеген жасөспірімдерді 2008 жылдың қаңтар айынан наурыз айы аралығында шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу;
2 2) тіркелуге жататындар санынан, алғашқы әскери дайындықты оқу орындарында өтпеген азаматтардан оқыту пункттеріне тапсыру үшін топ жасақтау;
3 3) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
2 2. Шақыру учаскесіне тіркелуші азаматтардың санына сәйкес қажетті техникалық жұмысшылар саны бекітілсін (1-қосымша).
3 3. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссия келесі құрамда бекітілсін:
1 1) Сатбек Джакипович Сатыбалдиев - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
2 2) Сауле Турсыновна Урашева - аудан әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
3 3) Кумарбек Сиязович Будумбаев - Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
4 4) Савидж Умутовна Попп -дәрігерлік комиссияның аға дәрігері (келісім бойынша);
5 5) Юлия Абытолыбовна Толыбова - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша),
4 4. Шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс кестесі (2- қосымша) және анализ тапсыру кестесі (3-қосымша) бекітілсін.
5 5. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (У.М.Эфендиев) (келісім бойынша) :
1 1) тіркеуге шақырылатын азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін шақыру учаскесінің комиссиясына Жезкент кентінің учаскелік ауруханасы, Новая Шульба селосының учаскелік ауруханасының ғимараттарын пайдалануға беру;
2 2) тіркеу комиссиясы жіберген азаматтарды кезектен тыс және сапалы тексеруден өтуін қамтамасыз ету;
3 3) флюорографиядан өтуді, сараптамаға қан, несеп тапсыруды, микрореакцияға , топты анықтауға қан тапсыруды, ЭКГ жасауды қамтамасыз ету;
4 4) тіркелуге жататын азаматтардың денсаулығын қосымша тексеру үшін төсектер резервін қамтамасыз ету;
5 5) тексерулерді тіркеу комиссиясы бекіткен мерзім ішінде өткізу ұсынылсын.
6 6. Меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына:
1 1) тіркелуге жататын азаматтарды тіркеу комиссиясына келуі туралы дер кезінде құлақтандырып және келуін қамтамасыз ету;
2 2) тіркелуге жататын азаматтарды Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы негізінде стационарлық тексеруден, сондай-ақ, амбулаториялық сараптама тапсыру үшін жұмыстан босату, іссапарлардан, еңбек демалыстарынан шақыртып алу ұсынылсын.
7 7. Ауылдық және кенттік округтердің әкімдері:
1 1) тіркелуге жататын азаматтарға жеке шақыру қағазын тапсырсын және олардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің белгілеген күндерінде тіркеу комиссиясына келулерін қамтамасыз етсін;
2 2) тіркелуге жататын азаматтарды шақыру пунктіне жеткізуге жолбасшы және көлік тауып берсін;
3 3) тіркелуге жататын азаматтарды шақыру пунктіне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жоспары бойынша, жергілікті бюджет есебінен жеткізсін;
8 8. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Д.Б. Ибраев) (келісім бойынша):
1 1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бұрын сотталған, жазасын өтеп шыққан, тергеуде отырған шақырылушылар туралы ақпараттарды беру;
2 2) әскери міндеттіліктен жалтарған азаматтарды іздестіру жүргізіп, оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу;
3 3) комиссия жұмысын өткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастыру ұсынылсын.
9 9. Аудандық білім беру бөлімінің бастығы (В.В. Бастриков);
1 1) білім беру ұйымдарынан аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тіркелуге жататын азаматтардың мінезін сипаттайтын құжаттарды тапсырсын;
2 2) ауылдық және кенттік округтердің әкімдерімен бірігіп, оқу орындарында алғашқы әскери дайындықтан өтпеген азаматтар үшін алғашқы әскери дайындық пунктерін ұйымдастырсын.
10 10. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Ш.А. Алпыспаева) және аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы (Н.А.Афанасьева):
11 11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары К.К.Бичуиновке жүктелсін.
12 12. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданыска енгізіледі.
36 Бородулиха ауданында тіркеуді ұйымдастыру және өткізуге қажетті тех. жұмысшылар ЕСЕПТЕМЕСІ
«2008 жылы Бородулиха ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу өткізу туралы»
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2008 ж. « 12» ақпан № 10 қаулысына 1 қосымша
Бородулиха ауданында тіркеуді ұйымдастыру және өткізуге қажетті тех. жұмысшылар ЕСЕПТЕМЕСІ
Тіркеушілердің дербес істерін өңдеу - 3 адам.
Бір тіркеушімен әңгіме өткізу, дербес істерді нақтылау, өңдеу - 30 минут
Бір күнде 50 адам қабылданады.
7 сағаттық жұмыс күнінде қажетті техникалық жұмысшылар барлығы күніне
50 адам х 0,5 сағат = 25 сағат
25 сағат : 7 сағат = 3 адам
Бородулиха ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімнің бастығы
С. Сатыбалдиев
37 Тіркеу комиссиясының жұмыс КЕСТЕСІ
«2008 жылы Бородулиха ауданы
бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне
тіркеу өткізу туралы»
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2008 ж.« 12» ақпан № 10
қаулысына 2 қосымша
Тіркеу комиссиясының жұмыс
КЕСТЕСІ
№
Селолық округтер
Барлығы
Келу күндері
п/п
атаулары
18.02.
19.02.
20.02.
21.02.
22.02.
25.02.
26.02.
1.
Бородулиха
27
27
2.
Бақы
9
9
3.
Дмитриевка
16
16
4.
Ново-Дворовка
16
16
5.
Переменовка
13
13
6.
Степной
4
4
.7.
Подборный
17
17
8.
Бель-Ағаш
7
7
9.
Жезкент
67
50
17
10.
Ново-Покровка
27
20
7
11.
Петропавловка
8
8
12.
Зубаир
8
8
13.
Андреевка
9
9
14.
Уба-Форпост
4
4
15.
Ново-Шульба
41
10
31
16.
Красно-Яр
6
6
17.
Жерновка
8
8
18.
Ленин
15
2
13
19.
Таврия
11
11
ВСЕГО:
313
50
50
50
46
50
50
17
Ауданның қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
С. Сатыбалдиев