Құжат мәтініне өту

2008 жылы жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы

Қаулы · № 10 · қабылданған 15.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.01.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-37903/?version=37903_321936.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
2008 жылы жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 10 ·15.01.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2008 жылы жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы

ҚАЗ2008 жылы жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 10 · қабылданған 15.01.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2008 жылы жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
2008 жылы жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10
Қабылданған күні
15.01.2008
Көрсетілген редакция
15.01.2008 · қолданыстағы 37903_321936.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
15.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KM000043
ЭКБ идентификаторы
37903
Редакция идентификаторы
37903_321936
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:14

0 2008 жылы жұмыссыз

азаматтарға өз істерін ашуға
және өздерін жұмыспен қамту
үшін материалдық көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 149 Заңдарына сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау, жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б.М.Жұманбаев) ресми тіркелген жұмыссыз азаматтардың өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруы тапсырылсын.

2 2. Өз істерін ашуға және жұмыспен қамту мақсатында материалдық көмек алуға тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарайтын консультативті-кеңесші комиссия құрылсын (№ 1 қосымша).

3 3. Өз істерін ашуға және жұмыспен қамту мақсатында материалдық көмек алуға тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарайтын консультативті-кеңесші комиссиясының жұмыс регламенті бекітілсін (№ 2 қосымша).

4

4. Өз істерін ашу үшін және өздерін жұмыспен қамтулары мақсатында материалдық көмек алуға (әрі қарай - материалдық көмек) тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарау және тіркеу, сонымен қатар материалдық көмекті тағайындау (тағайындамау) туралы шешім қабылдау «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б.М.Жұманбаев) жүктелсін.

5 5. «Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Қ.Ахметжанов) бюджетте көзделген қаржы шегінде қаржыландырсын.

6

6. Материалдық көмекті «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (Б.М.Жұманбаев) есептері негізінде, «2008 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 6 желтоқсандағы № 8-IV Заңның жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 40-қа дейінгі сомасының шегінде бөлу ұсынылсын.

7

7. Жұмыссыз азаматтардың материалдық көмекті мақсатты пайдалануын, жұмыссыздардың өз істерін ашулары мен өздерін жұмыспен қамтулары жөніндегі жүргізілген шаралардың тиімділігін бақылау «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б.М.Жұманбаев) жүктелсін.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Дюсетаевқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

«Келісілді»
Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі
Б. Ахметжанов
15 қаңтар 2008 ж.
«Келісілді»
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
Б. Жұманбаев
15 қаңтар 2008 ж.

10 Өз істерін ашуға және жұмыспен қамту мақсатында материалдық көмек алуға тілек білдірген жүмыссыз азаматтардың өтініштерін қарайтын консультативті-кеңесші комиссия құрамы

Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2008 жылдың «15» қантардағы
№10 қаулысына № 1 қосымша
Өз істерін ашуға және жұмыспен қамту мақсатында материалдық көмек алуға тілек білдірген жүмыссыз азаматтардың өтініштерін қарайтын консультативті-кеңесші комиссия құрамы

1 1. Серік Смағанбетұлы Дюсетаев - аудан әкімінің орынбасары,

комиссия төрағасы

2 2. Бейбіт Мақышұлы Жұманбаев - аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
меңгерушісі, комиссия төрағасының
орынбасары

3 3. Айгүл Зекенқызы Төлеубекова - аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
жұмыспен қамту қызметін үйлестіру
бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:

4 4. Бекболат Қапайұлы Ахметжанов - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі

5 5. Мұхаметқан Иманкәрімүлы

Қабиев
- аудандық кәсіпкерлер бөлімінің
меңгерушісі

6 6. Дулат Қанышұлы Халел - аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

7 7. Самат Рымханұлы Әкімов - аудандық пошта торабының бастығы

(келісім бойынша)

8 8. Нұрлан Рымбайұлы Ламбеков - Қарқаралы қаласының әкімі

9 9. Сайлау Әлиұлы - аудан әкімі аппаратының үйлестіру

бөлімінің бастығы

20 Өз істерін ашуға және жұмыспен қамту мақсатында материалдық көмек алуға тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарайтын консультативті-кеңесші комиссиясының регламенті

Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2008 жылдың «15» қантардағы
№10 қаулысына № 2 қосымша
Өз істерін ашуға және жұмыспен қамту мақсатында материалдық көмек алуға тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарайтын
консультативті-кеңесші комиссиясының регламенті

1

1. Жұмыссыз азаматтар материалдық көмек алу үшін тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, ал ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз азаматтар жергілікті әкімдікке өтініш тапсырады. Өтінішпен бірге қаржының қандай мақсатқа жұмсалатындығы жөнінде бизнес-жоспар жасалып, ұсынылады.

2 2. Консультативті-кеңесші комиссияның отырысы айына бір рет шақырылып, аудан әкімдігінің ғимаратында немесе селолық округтерде көшпелі мәжіліс ретінде өткізіледі.

3

3. Аудандақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі материалдық көмек алуға өтініш берген жұмыссыздардың тиісті құжаттарын жинақгап, тіркеген соң, жергілікті әкімнің кепілдемесін алып, аудандық жұмыспен қамту жэне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынысымен аудандық консультативті-кеңесші комиссиясына шешім шығару үшін жолданады.

4 4. Аудандық консультативті-кеңесші комиссия жергілікті әкімнің және аудандақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құжаттарын қарап, талдау жасап, өз ұсынысын аудандық жұмыспен қамту және элеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдайды.

5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі консультативті-кеңесші комиссияның ұсынысын қарап, материалдық көмекті тағайындау (тағайындамау) туралы шешімді бөлім меңгерушісінің бұйрығымен бекітеді.

6 6. Материалдық көмек жұмыссыздардың жеке есеп шотына аударылған күнінен бастап «өз ісін ашу» себебімен, жұмыссыз есебінен шығарылады.