О проведении приписки граждан к призывному участку в городе Усть-Каменогорске в 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан к призывному участку в городе Усть-Каменогорске в 2008 году
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласында 2008 жылы азаматтарды шақыру учаскелерінде есепке тіркеуді өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4568
- Қабылданған күні
- 15.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2008 AI37925_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VA000078
- ЭКБ идентификаторы
- 37925
- Редакция идентификаторы
- AI37925_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:14
0 Өскемен қаласында 2008 жылы азаматтарды шақыру учаскелерінде
есепке тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), заңмен белгіленген мерзімде (қаңтар - наурыз) 1991 жылы туған азаматтардың және сонымен қатар бұрын тізімге алынбағандардың тіркеуін өткізу ұсынылсын.
2 2. "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде тіркеу кезінде шақыру учаскесі құрылсын, меке-жайы: Протозанов көшесі 37.
3 3. Есепке тіркеу бойынша төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
Айдын Жақыпбеқұлы Сарсенбинов
комиссия төрағасы, "Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша)
Мағаша Әшметқызы Сайдуақасова
комиссия төрағасының орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы
Комиссия мүшелері:
Батырбек Сейтқазыұлы Аяғанов
"Өскемен қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Игорь Анатольевич Журавков
медицина комиссиясының төрағасы,
"Амбулаториялық орталық" мекемесінің
дәрігер-хирургі (келісім бойынша)
Татьяна Викторовна Турова
комиссия хатшысы, "Амбулаториялық орталық" мекемесінің медбикесі (келісім бойынша)
4 4. Тіркеу жұмыстарын өткізу комиссияның жұмыс ережесі: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 15.40-қа дейін.
5
5. "Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің Өскемен қаласы бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) жасөспірімдерді зертханалық және рентгенологиялық тексеруді өткізуді ұйымдастырсын, медициналық комиссия дәрігерлерінің жолдамалары бойынша шақырылатындарды стационарлық зерттеу және емдеу үшін қажетті төсек орындарын бөлсін.