2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
ҚАЗ2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 30.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2008 · қолданыстағы 37942_325382.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZK000059
- ЭКБ идентификаторы
- 37942
- Редакция идентификаторы
- 37942_325382
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:07
0 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын және “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңының 5 бабын, 7 бабының 2 тармақшасын басшылыққа алып, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау және оларға жұмысқа орналасу құқығын көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі 1 қосымшаға және 2008 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Р.С. Мусалимоваға белгіленген шаралар бойынша ең алдымен нысаналы топтарға жататын азаматтарды қамтамасыз ету жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төкешева Айгүл Әдиетқызына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.
5 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі:
Аудан әкімінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы
№ 39 қаулысына
1 қосымша
2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі:
1 1. Табысы аз адамдар;
2 2. жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата- аналар;
5 5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар /жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған/;
7 7. Мүгедектер;
8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10. Оралмандар;
11 11. Жұмыссыздар.
17 2008 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар
Аудан әкімінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы
№ 39 қаулысына
2 қосымша
2008 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар
№
Іс-шаралар
Барлығы, адам саны
Соның ішінде нысаналы топ, адам саны
1
Жұмысқа орналастыру
370
185
2
Қоғамдық жұмыстарға жіберу
380
190
3
Бастапқы даярлауға, байта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу барлығы
50
25
Соның ішінде:
- бастапқы даярлау
- қайта даярлау
- біліктілігін арттыру
15
30
5
10
13
2
4
Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу
60
60