Құжат мәтініне өту

2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы

Өзге акт · № 01-02/3-2 · қабылданған 24.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.12.2007 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-38046/?version=38046_371413.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 01-02/3-2 ·24.12.2007
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы

ҚАЗ2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 01-02/3-2 · қабылданған 24.12.2007

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Атауы (қаз.)
2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01-02/3-2
Қабылданған күні
24.12.2007
Көрсетілген редакция
24.12.2007 · қолданыстағы 38046_371413.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
24.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07VF000061
ЭКБ идентификаторы
38046
Редакция идентификаторы
38046_371413
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:28

0 “2008 жылға арналған

аудандық бюджет туралы”
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 - II Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 80, 85 бабына, “2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Аягөз аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2008 жылға аудандық бюджет № 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1 1) Түсімдер 2624882,0 мың теңге,

оның ішінде:
салықтық түсімдер 1242787,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 13859,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 28000,0 мың теңге;
ресми трансферттер 1340236,0 мың теңге.

2 2) Шығындар 2624882,0 мың теңге, оның ішінде:

жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету 193335,0 мың теңге;
қорғаныс 4511,0 мың теңге;
қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, күқық, сот, қылмыстық атқару қызметі
1000,0 мың теңге;
білім беру 1526975,0 мың теңге;
әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 333768,0 мың теңге;
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық 137709,0 мың теңге;
мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 122517,0 мың теңге;
ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 13940,0 мың теңге;
өнеркәсіп, сәулет, қала кұрылысы жэне құрылыс қызметі 7708,0 мың теңге;
көлік және коммуникациялар 246865,0 мың теңге;
басқалар 36554,0 мың теңге;
трансферттер 0 мың теңге.

3 3) операциялық сальдо 0 мың теңге.

4 4) таза бюджеттік кредит беру 0 мың теңге.

5 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге.

6 6) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге.

7 7) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржылындыру - 0 мың теңге.

2 2. Қазынашылық бөлімі белгіленген нормативтер бойынша тиісті бюджеттерге 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер сомасын есепке алуды жүргізсін.

3 3. Аудан бюджетінің шығыстарында:

1 1) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі негізінде азаматтық қызметшілерге ұзақтығы күнтізбелік отыз куннен кем емес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру және жергілікті бюджет қаражаты есебінен бір лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленсін;

2 2) 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақастан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыруға сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бастауыш білім беруші педагог қызметкерлері үшін апталық оқыту жүктемесінің нормативі 20 сағаттан 18 сағатқа дейін азайуына байланысты қаражат ескерілсін.

4

4. «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу» туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18 бабына сәйкес ауылдық жерлерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандардың еңбек ақыларына (тарифтік ставкаларына) 25 пайыз төлем төленсін.

5 5. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет мамандарына отын сатып алу бойынша бір жолғы әлеуметтік көмек үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

6 6. 2008 жылға ауданның атқарушы органының резерві 24000,0 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:

Шұғыл шығындарға арналған ауданның резерві 17000,0 мың теңге;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның төтенше резерві 4000,0 мың теңге;
соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған ауданның резерві 3000,0 мың теңге.

7 7. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламаларға бөлінген даму бюджеті бағдарламаларының тізбесі № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

8 8. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті орындау барысында секвестірлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі № 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

9 9. Осы шешім Аягөз ауданының Әділет басқармасында тіркеліп, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

19

20 Аягөз ауданың 2008 жылға арналған аудан бюджеттің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдармаларды) іске асыруға бағытталған, бюджеттік бағдармаларға бөлінген даму бюджеті бағдармаларының тізбесі

Аягөз аудандық мәслихатының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 01-02/3-2 шешіміне 2 қосымша
Аягөз ауданың 2008 жылға арналған аудан бюджеттің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдармаларды) іске асыруға бағытталған, бюджеттік бағдармаларға бөлінген даму бюджеті бағдармаларының тізбесі

21 Аягөз аудандық мәслихатының

2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 01-02/3-2 шешіміне 3 қосымша