Қолданыстағы ред. 28.11.2007 (Редакция 38053_335617.kaz)

2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 28.11.2007 г. № 267 (2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)

0

2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасындағы 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарын басшылыққа ала отырып, шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2

2. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда құрылсын:
Алтаяқов Бауыржан джиенбайұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы
Менешов Біржан Нұрланұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Хайрова Ағайша Ермекқызы – терапевт, аудандық медициналық комиссиясының төрайымы
Жанғалиев Қоблан Мендыханұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Мұхатова Роза – аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
А.Қадешов – аудандық «Нарын» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
Қажет болған жағдайда оларды ауыстырылатын резервтегі адамдар:
Бақытов Рашид Шораұлы – қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметкерлерді шақыру және келісім-шарт бойынша дайындау бөлімше бастығы, комиссия төрағасы
Жұмабекұлы Бекбол – аудан әкімі аппаратының құжаттар айналымын қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
Нүркенов Серік - хирург

3

3. Аудандық шақыру комиссиясынан (Б.Ж.Алтақов):

1

1) мерзімді әскери қызметке шақырылатын және әскери оқу орындарына мерзімді әсери қызметке шақырылатын және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіруші азаматтарды дәрігерлік тексеруден өтуін қамтамасыз ету сұралсын.

4

4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы 8 тармағына сәйкес, медициналық қызметкерлердің және басқа да комиссия мүшелерінің, техникалық қызметкерлердің, шақыру пунктінде қызмет көрсетуші өзге де адамдардың жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан босатылсын.

5

5. Аумақтық медицина бірлестігінен (Ә.Ғаббас):

1

1) шақыру кезінде медициналық комиссиясының құрамын айқындап, соған арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті, тәжірибелі дәрігер-мамандар, медбикелер бөлу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету;

2

2) шақыру комиссиясы емдеу мекемесіне жіберген шақыртушыларды стационарлық тексеруден өткізу;

3

3) осы мақсатқа арнап аудандық ауруханадан орындар бөлуді қамтамасыз ету сұралсын.

6

6. Аудандық ішкі істер бөлімінен (И.Бекқалиев):

1

1) шақыру кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуы;

2

2) шақырудан жалтарған адамдарды іздестіруге және шақыру пунктіне жеткізуге арнайы полиция қызметкерлерін бөлу сұралсын.

7

7. Аудандық шақыру комиссиясының (Б.Ж.Алтақов):
Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінгі қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесін әскерге шақыруды жүргізу кезеңіне дейін жасақтап, аудан әкімдігіне бекітуге ұсыну сұралсын.

8

8. Ауылдық округтер әкімдеріне:

1

1) Азаматтарды шақыру пунктіне жеткізу үшін олардың басына ауылдық округі әкімі аппаратының маманын бөлу міндеттелсін;

2

2) Азаматтарды шақыру пунктіне жеткізу үшін олардың басына ауылдық округі әкімі аппаратының маманын бөлу міндеттелсін;

3

3) Шақыру жасындағы азаматтарды Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне арнайы көлікпен жеткізуді ұйымдастырсын.

9

9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б.Алтаяқовқа азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың өту барысы туралы мәлімдеп отыруды және қорытынды ақпаратты 2008 жылдың 10 шілдесіне және 2009 жылдың 10 қаңтарына дейін аудан әкіміне мәлімдеу тапсырылсын.

10

10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Еркеғалиевке жүктелсін.
Келісілді:
Бөкей ордасы ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Б.Алтаяқов
Келісілді:
Бөкей ордасы аудандық
ауруханасының директоры Ә.Ғаббас
Келісілді:
Бөкей ордасы аудандық
ішкі істер бөлімінің бастығы И.Бекқалиев
Келісілді:
Аудандық «Нарын» жастар
қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А.Қадешов