Құжат мәтініне өту

Аудан бойынша 2008 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Қаулы · № 30 · қабылданған 30.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.01.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-38181/?version=38181_327848.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Аудан бойынша 2008 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 30 ·30.01.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аудан бойынша 2008 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы

ҚАЗАудан бойынша 2008 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 30 · қабылданған 30.01.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан бойынша 2008 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Аудан бойынша 2008 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30
Қабылданған күні
30.01.2008
Көрсетілген редакция
30.01.2008 · қолданыстағы 38181_327848.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
30.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZM000065
ЭКБ идентификаторы
38181
Редакция идентификаторы
38181_327848
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:07

0 Аудан бойынша 2008 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек 10 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

2 2. Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек 3000 (үш мың) теңгеден 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде белгіленсін.

3 3. Дербес зейнеткерлерге ай сайын әлеуметтік көмек 1 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін.

4 4. Бейбіт кезенде қаза болған жауынгерлер отбасыларын материалдық қолдауға 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын 1 (бір мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.

5

5. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 5000 (бес мың) теңге, бейбітшілік уақытында қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысқандардың жұбайларына 3000 (үш мың) теңге және бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде қаражат бөлу белгіленсін.

6 6. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі, осы санаттағы адамдарға әлеуметтік көмек тағайындауды жүргізу тапсырылсын.

7 7. Шыңғырлау аудандық қаржы бөлімі тағайындалған әлеуметтік көмек төлемдерін дер кезенде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

8 8. Әлеуметтік көмектер көрсету жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін (№1 қосымша).

9 9. Әлеуметтік көмектер көрсету үшін тапсырылатын құжаттар тізімі бекітілсін (№ 2 қосымша).

10 10. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» (аудандық әділет басқармасында 2007 жылғы 17 наурызда тіркелген, тіркеу № 7-13-42) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

11 11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н. Хангереевке жүктелсін.

12 12. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткенінен кейін күшіне енеді.

13 Әлеуметтік көмек көрсету жөнінде комиссияның құрамы

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
30 қаңтардағы № 30
қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Әлеуметтік көмек көрсету жөнінде комиссияның құрамы
Хангереев Самат Нағымұлы – Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Бекжанов Мұрат Тұрабайұлы – Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Алмұхамбетова Айгүл Мұратқалиқызы - Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, комиссия хатшысы
Хамиев Самиғолла Хабиболлаұлы – Шыңғырлау ауданының қаржы бөлімінің бастығы
Исқаирова Дәмелі Сағидоллақызы – Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы
Қалменов Асылбек Толыбайұлы – Шыңғырлау аудандық салық комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

14 Әлеуметтік көмектер көрсету үшін тапсырылатын құжаттар тізімі

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
30 қаңтардағы № 30
қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
Әлеуметтік көмектер көрсету үшін тапсырылатын құжаттар тізімі

1 1. Азаматтарға жерлеуге берілетін көмек үшін

1 1) Жерлеу рәсімін өткізуді өзіне алған азаматтың арызы

2 2) Жергілікті азаматтың хал актілерін тіркеу органы берген жерлеу жәрдемақысына арналған анықтама

3 3) Өлгендігі туралы куәліктің көшірмесі

4 4) жерлеу рәсімін өткізушінің арызын растайтын жергілікті селолық округінің анықтамасы

5 5) Салық төлеушінің нөмірі

2 2. Әлеуметтік көмек үшін

1 1) Арызы

2 2) Жеке куәлігі

3 3) Салық төлеушінің нөмірі

4 4) Тұрғын-үй жағдайын зерттеу туралы акт (қажет жағдайда аудандық аймақтық медицина бірлестігінің анықтамасы).