Қолданыстағы ред. 04.02.2008 (Редакция 38257_350572.kaz)

2008 жылы жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізімі туралы от 04.02.2008 г. № 32 (2008 жылы жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізімі туралы)

0

2008 жылы жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізімі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Тұрғындардың мақсатты топтарынан 2008 жылы жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізімі бекітілсін.

2

2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінін орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.

4