Об организации социальных рабочих мест в Жаксынском районе в 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации социальных рабочих мест в Жаксынском районе в 2008 году
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылы Жақсы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-0/15
- Қабылданған күні
- 31.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2008 38371_316163.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BM000068
- ЭКБ идентификаторы
- 38371
- Редакция идентификаторы
- 38371_316163
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:06
0 2008 жылы Жақсы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 18-1 баптарына сәйкес әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген әлеуметтік жұмыс орындары құрған ұйымдардың тізімдемесі бекітілсін.
2 2. «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымының ұсынған тапсырысына сәйкес аудан бюджеті қаражаты есебінен осы мақсатқа бөлінген қаржының шегінде жұмыссыздарды уақытша еңбекке тұрғызу үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жіберсін.
3 3. «Жақсы ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын аймақтың 2008 жылға арналған орта мерзімдік әлеуметтік- экономикалық жоспары көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулы 2008 жылдың 1 ақпанынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
5
5. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-0/6 «Жақсы ауданында 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Жақсы ауданының Әділет Басқармасында 2007 жылдың 30 қаңтарындағы № 1-13-47 тіркелген, 2007 жылдың 17 ақпандағы №8 (6415) «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Б.Мұғаловаға жүктелсін.
7 7. Осы қаулы Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарық көрген сәттен қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Жақсы ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бастығы:
Л.Сейдахметова
Жақсы ауданының қаржы
бөлімі мемлекеттік мекемесінің
бастығы: Г.Власенко
8 2008 жылға әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі
Жақсы ауданының 31 қаңтар
2008 ж. № А-0/15 қаулысымен
бекітілген
2008 жылға әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі
№
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің аты
жұмысшы салы
1
ЖШС «Золотая Нива» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
11
2
«Агрострой-1» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
20
3
«Жана жол» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
3
4
«Тугел —С» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
10
5
«Урожай» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
16
6
«Запорожье» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
20
7
«Подгорное» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
5
8
«Жақсы Су» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
9
БАРЛЫҒЫ:
94