Об организации оплачиваемых общественных работ в Аулиекольском районе в 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации оплачиваемых общественных работ в Аулиекольском районе в 2008 году
- Атауы (қаз.)
- Әулиекөл ауданында 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 15.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2008 38455_292512.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NG000069
- ЭКБ идентификаторы
- 38455
- Редакция идентификаторы
- 38455_292512
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:59
0 Әулиекөл ауданында 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен камту туралы» Заңының 7, 20-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әулиекөл ауданында 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2 2. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен көлемі, жұмыстың нақтылы шарттары, қатысушылардың еңбекақы мөлшері және каржыландыру көздері бекітілсін.
3 3. Уәкілетті орган жұмыспен қамту мәселелері бойынша акылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беретін кәсіпорын басшыларымен нақты жұмыс түрлері мен көлемін орындауға шарт жасасын.
4 4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгері қоғамдық жұмыстардың көлемін, сапасын, күрделілігін жұмыс пен қызмет көрсетуіне төлемақы төлеу кезінде есепке алсын.
5 5. Қоғамдык жұмыстарды қаржыландырудың мынадай тәртібі мен шарттары анықталсын:
1
1) қоғамдық жұмысқа қатысушыларға жұмыс берушілердің төлемақысы шығыны Қазақстан Республикасының «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінде, әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттіқ қорына Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңымен белгіленген мөлшерінде әлеуметтік төлеуді аудару, қоғамдық жұмысқа қатысушыларға тиесілі, еңбекақыны есептеу мен төлеуге екінші деңгейдегі банк қызметіне комиссиялық сыйақы аудандық бюджет қаражаты есебінен өтеледі;
2 2) жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытының есебі табелін, жалақы тағайындау есеп ведомосын тапсырған жағдайда бюджет қаражаты жұмыс берушілердің ай сайын есепшотына аударылады.
6 6. Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 30 «Әулиекөл ауданында 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» (тіркеу № 9-7-50, «Әулиекөл» газетінің 2007 жылы 22 наурыздағы № 11 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұғманова Роза Сыздыққызына жүктелсін.
8 8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
11 Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беретін кәсіпорындардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен көлемі
Бекітілді
әкімдіктің 2008 жылғы
15 ақпандағы
№ 35 қаулысымен
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беретін кәсіпорындардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен көлемі