Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест в Атбасарском районе в 2008 году

Қаулы · № а-3/90 · қабылданған 05.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-38508/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест в Атбасарском районе в 2008 году Күшін жойған Қаулы ·№ а-3/90 ·05.03.2008
05.03.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест в Атбасарском районе в 2008 году

Күшін жойған Қаулы ·№ а-3/90 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест в Атбасарском районе в 2008 году
Атауы (қаз.)
2008 жылы Атбасар ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-3/90
Қабылданған күні
05.03.2008
Көрсетілген редакция
05.03.2008 38508_307241.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08BE000095
ЭКБ идентификаторы
38508
Редакция идентификаторы
38508_307241
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:54

0 2008 жылы Атбасар ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № а-2/49 «Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша шараларды белгілеу мақсаттарында, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын және «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (алдағы ММ) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша шарт бекіткен кәсіпорындар мен ұйымдардың (келісім бойынша) ұсынылған тізбесі бекітілсін.

2

2. «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2008 жылы ұйымдар мен кәсіпорындарда кұрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс ұйымдастырылсын, сонымен қатар мақсатты топтарға енетін, аз қамтылған жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға басым құқық беру.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек төлемін жұмыс берушінің қаржысынан жарым-жартылай шығындардың өтемақысын аудандық бюджет қаржысынан еңбек төлемін жүргізсін.

4 4. «Атбасар ауданының қаржы бөлімі» ММ 2008 жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Атбасар ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 24 ақпандағы «2007 жылы Атбасар ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» № а-2/45 қаулысының күші жойылды деп танылсын (№ 1-5-69, 2007 жылғы 13 сәуір «Атбасар», 2007 жылғы 23 наурыз «Простор»).

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.О. Сүйіндіковке жүктелсін.

7 7. Осы қаулының іс-әрекеті 2008 жылы 3 қаңтардан шыққан құқықтық қатынасқа таратылады.

8 8. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

9 Атбасар ауданы әкімдігінің

05.03.2008 ж. № а-3/90
қаулысымен бекітілді
2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпорындар, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері мен көлемдерінің
ТІЗБЕСІ

Кәсіпорындардың атаулары
Әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері
Адамдардың саны
Бір адам орындаған жұмыстың көлемі
1
2
3
4
5
1.
«Ахметов» жеке кәсіпкер (келісім бойынша)
Ғимараттарда от жағуда көмек
Механизаторлар
Құжаттарды өндеуде көмек
16
2
2
1 нысаннан
180 сағат
50 істен
2.
«Атбасар қаласының жолаушыларды тасымалдау» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (келісім бойынша)
Ғимараттарды жөндеу және жинауда кәмек
2
500 шаршы метр
3.
«Вафина» жеке кәсіпкер (келісім бойынша)
Ғимараттарды жөндеу және жинауда көмек
2
500 шаршы метр
4.
«Нұрұмова» жеке кәсіпкер (келісім бойынша)
Сауда-сатып алу қызмет
Ғимараттарды жөндеу және жинауда көмек
4
2
180 сағат
500 шаршы метр
Ғимараттарды күзету және от жағуда көмек
2
1 нысаннан
5.
Атбасар ауданы әкімдігінің жанындағы «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық департаменті» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
Ғимараттарда от жағуда көмек
11
1 нысаннан
6.
Атбасар ауданы әкімдігінің жанындағы «Атбасар су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
Су төлемін жинауға көмек
4
180 сағат

Қолданыстағы