Құжат мәтініне өту

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2008 год

Қаулы · № 86 · қабылданған 03.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-38718/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2008 год Күшін жойған Қаулы ·№ 86 ·03.04.2008
17.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2008 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 86 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2008 год
Атауы (қаз.)
2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
86
Қабылданған күні
03.04.2008
Көрсетілген редакция
17.10.2011 38718_201172.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08S0001668
ЭКБ идентификаторы
38718
Редакция идентификаторы
38718_201172
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:44

0 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 19 бабы 3 тармағына сәйкес және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 1 сәуірдегі № 563 Жарлығы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2 2. Қосымшаға сәйкес құрамда облыстық шақыру комиссиясы құрылсын.

3 3. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімі:

қорғаныс істері жөніндегі аудандар (қаланың) бөлімдері (басқармасы) арқылы аудан (қала) аумағындағы мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
аудандық (қалалық) шақыру комиссиясын құрсын;
мыналармен қамтамасыз етсін:
аудандық, (қалалық) шақыру комиссиясының жұмысы үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерді (басқармаларды) үй-жаймен;
автомобиль көлігімен және қажетті санда техникалық қызметкерлер бөлуді;
көрсетілген іс-шараларды орындауға байланысты шығындарды, осы мақсаттарға бөлінген ассигнациялар шегінде, жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды.

4 4. Денсаулық сақтау департаменті:

Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;
шақырушыларды медициналық куәлендіру жөніндегі комиссияны дәрігер-мамандармен, соның ішінде тар саладағы мамандармен толықтырсын;
шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық зерттеу үшін емдеу-профилактикалық мекемелерде орындар көздесін.

5 5. Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті мыналарды қамтамасыз етсін:

ішкі істер департаменті, Петропавл қалалық басқармасы және аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының құрамынан лауазымды тұлғаларды облыстық, аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының құрамына енгізуді;
азаматтарды шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдермен (басқармамен) байланысты әрекеттер ұйымдастыруды;
әскерге шақырушыларды әскери бөлімдерге аттандыру және жіберу уақытында қоғамдық тәртіптік күзетуді;
азаматтардың шақыру пункттеріне келуіне бақылау жүргізуді, шақырудан жасырынып қалуға жол бермеуді.

6 6. Мәдениет департаменті шақыру пункттерінде көркемөнерпаздар ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырсын.

7 7. Дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық жинау пунктінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеру ұйымдастырсын.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.Н.Балахонцевке жүктелсін.

9 9. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Облыс әкімдігінің

2008 жылғы 3 сәуірдегі
№ 86 қаулысына қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Амангелдиев Талғат
Бекмұратұлы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы,
комиссия төрағасы,(келісім бойынша)
Мұқатаев Жұмабек Зейнелұлы
Солтүстік Қазақстан облысы
жұмылдыру даярлығы, азаматтық
қорғаныс, апаттар мен
зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқарманың жұмылдыру даярлығы жөніндегі бөлім бастығы,комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Рамазанов Ілияс Оқтайұлы
Солтүстік Қазақстан облысы
ішкі істер департаменті
бастығының орынбасары
Имбаева Фирая Гумаровна
медициналық комиссияның төрайымы,
1 қалалық емхананың
дәрігер-терапевті
Кривошеева Зоя Ивановна
облыстық аурухананың
медбибісі, комиссия хатшысы

Қолданыстағы