Об утверждении ставок платы за эмиссии в окружающую среду Акмолинской области на 2008 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за эмиссии в окружающую среду Акмолинской области на 2008 год
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылға Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-5-10
- Қабылданған күні
- 05.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2009 38769_172702.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08B0003243
- ЭКБ идентификаторы
- 38769
- Редакция идентификаторы
- 38769_172702
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:54
0 2008 жылға Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Салық және басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 462 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына, 2007 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 1314 "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" (одан әрі - Үкіметтің қаулысы) қаулысына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
1 1. Қосымша беріліп отырған 2008 жылға Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2 2. Шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3
3. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылдың 19 қаңтарында N 3208 тіркелген Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 8 желтоқсандағы N 3С-24-14 "Ақмола облысында 2007 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы ставкаларын бекіту туралы" ("Арқа ажары" газетінде 2007 жылдың 25 қаңтарында N 11, "Акмолинская правда" газетінде 2007 жылдың 30 қаңтарында N 12-13 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
4 4. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.
5 5. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Ақмола облыстық мәслихатының
2008 жылғы 5 наурыздағы
N 4C-5-10 шешіміне
қосымша
2008 жылға Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары
N/с
Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
Қауіптілік класы
Төлем мөлшері, теңге
1
2
3
4
5
1
Ластаушы заттардың
тұрақты көздерден шығарындылары 1 №
шартты тонна
582
2
Ластаушы заттардың
қозғалмалы көздерден шығарындылары:
пайдалынылған отынның тоннасы (бұдан әрі - тонна)
этилденбеген бензин үшін
423
дизель отыны үшін
661
сұйылтылған, сығылған газ үшін
285
3
Ластаушы заттардың төгінділері:
шартты
тонна
су көздеріне 2
21354
жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне
21000
4
Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар 3
тонна
228
5
Өнеркәсіптік қалдықтар
Өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру
тонна
"қызыл"
тізім
8332
"янтарь"
тізім
4166
"жасыл"
тізім
1042
жіктелмегендер
521
Бұдан басқа:
аршынды жыныстар 4
тонна
2,8
байыту шлактары, шламдары, қалдықтары 4
25,1
күл мен күлшлактар 4
319
ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары
12,3
6
Радиоактивті қалдықтар:
гигабек-керель
трансуранды қалдықтар
442,1
альфа-радиоактивтіқалдықтар
221
бета-радиоактивті қалдықтар
22,1
шынақты радиоактивті көздер
221
Ескертпе:
2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 Үкіметтің қаулысымен коэффициенттер енгізілгені мағлұматқа алынсын:
1 1) ИСО 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
1 0,75 коэффиценті;
4 0,75 коэффиценті;
2 2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
1 0,3 коэффиценті;
2 0,43 коэффиценті;
4 0,25 коэффиценті;
3 3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
3 0,2 коэффиценті;