Об организации социальных рабочих мест в Аулиекольском районе в 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации социальных рабочих мест в Аулиекольском районе в 2008 году
- Атауы (қаз.)
- Әулиекөл ауданының 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 26.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2009 AI38805_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NG000071
- ЭКБ идентификаторы
- 38805
- Редакция идентификаторы
- AI38805_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:48
0 Әулиекөл ауданының 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына, 5, 7, 18-1 баптарына, Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 23 "Әулиекөл ауданында 2008 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" (тіркеу № 9-7-67) қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін жұмыс берушілердің ұсынған тапсырысының негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әулиекөл ауданы тұрғындарының нысаналы топтары үшін 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындары белгіленсін: "Москалевское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен - 6 адам, "Черниговское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен - 5 адам, "Тимофеевка-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен - 4 адам, Қостанай облысы әкімиятының Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің "Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан - 8 адам.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мөлшері белгіленген шарт бойынша жұмыс жалғасы алты ай шегінен аспаса, аудандық бюджет қаражаты есебінен төленеді.
3
3. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақы төлемі, әлеуметтік салық төлемі, Мемлекеттік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген еңбекақы мөлшерін тағайындау және төлеу бойынша банк қызметі үшін комиссиялық сыйақы төлеу шығыны жұмыс берушілердің есепшотынан аудару жолымен өтеледі.
4
4. Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 48 "Әулиекөл ауданында 2007 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі туралы" (тіркеу № 9-7-55, "Әулиекөл" газетінде 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 16 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.