Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории Акжарского района в 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории Акжарского района в 2008 году
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылы Ақжар ауданы аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 03.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2008 38849_354274.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SD000067
- ЭКБ идентификаторы
- 38849
- Редакция идентификаторы
- 38849_354274
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:44
0 2008 жылы Ақжар ауданы аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 4 тарауына, Қазақстан Республикасы Президенттің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір - маусымда және қазан -желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес және 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДЕ:
1
1. Шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай - ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған жене шақыру бойынша әскери кызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Үлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара Қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министірлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру, Ақжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы, ұйымдастырылсын.
2 2. Селолык округтердің әкімдері он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне уақытында келулерін камтамасыз етсін.
3 3. Шақыру комиссиясы қосымшаға келісімді кұрамда құрылсын. Шақыру комиссиясының төрағасы Ақжар аудандык корғаныс істері жөніндегі бөлімде жұмыс істеуін камтамасыз етсін.
4 4. Аудандық орталық емханасының бас дәрігері (Сәбитова Ш.Қ.) (келісім бойынша), шақыру комиссия жұмысын сапалы істеу үшін:
1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» каулысына сәйкес шақырушыларды медициналық куәландырудың жүргізілуін және шақыру медециналық комиссиясының кажетті медициналық аспаптармен жабдыкталуын;
2 2) стационарлык тексеру үшін төсек-орын саны бөлуді және медициналық қызмет ету және айқындалған ауру шақырушыларды емдеу қамтамасыз етсін.
5 5. «Ақжар аудандык каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды өткізуге бөлінген қаражат шеңберінде каражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
6 6. Қорғаныс істері жөніндегі белімінің бастығы (Серікбаев Қ.Ж.) (келісім бойынша) шақыру мерзімінде шақыру пунктінде жастарды кәсіптік бағыттау және әскери-патриоттық жұмысын жүргізсін.
7 7. Ақжар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Жахин О.М.) (келісім бойынша) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қогамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
8 8. Аудандық білім бөлімінің бастығы (Закенов Б.Н.) Ленинград селосындағы №1,2 мектептерінің және № 6 кәсіптік - техникалық лицейдің мүғалімдері арасынан Ақжар аудандық қорганыс істері жөніндегі бөлімінде кұжаттамалық-техникалық жұмыстар үшін жұмысшыларды бөлсін.
9 9. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 85 «2007 жылы Акжар ауданы аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» каулысының күші жойылды деп танылсын.
10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
11 11. Осы қаулы оның бірінші рет ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Жахин О.М.
Аудандың орталық емханасының бас дәрігері
Сәбитова Ш.Қ.
Корғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы
Серікбаев Қ.Ж.
14 Әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің
2007 ж.«03» сәуірдегі № 107
қаулысына қосымша
Әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Негізгі қүрам
Резервтік құрам
Тегі, аты, әкесінін аты
Лауазымы
тегі, аты, әкесінің аты
Лауазымы
Серікбаев Қаратай Жұмабекұлы
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Турабай Талғат Сайлауұлы
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары
Ысқақ Бауыр Ақылұлы
Аудан әкімі аппаратының әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы
Еңсегенов Болат Қазбекұлы
Аудан әкімінің құқық мәселелері жөніндегі кеңесшісі
Комиссия мүшелері:
Рақымжанов Самат Шерғалиұлы
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Хамзин Арстан Жусупович
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Сәбитова Шолпан Қайыргелдіқызы
Аудандық орталық емхансының бас дәрігері, медициналық комиссия төрайымы
Қарелхан Еркежан
Аудандық орталық емханасының Ленинград бөлімшесінің меңгерушісі
Гончарова Людмила Алексеевна
Аудандық орталық емханасының Ленинград бөлімшесінің медбикесі
Хасенова Әлия Шакенқызы
Жеткіншектер қызметінің медбикесі