Құжат мәтініне өту

Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Қаулы · № 84 · қабылданған 10.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-38954/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ 84 ·10.04.2008
10.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 84 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года
Атауы (қаз.)
2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
84
Қабылданған күні
10.04.2008
Көрсетілген редакция
10.04.2008 38954_354218.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08SC000061
ЭКБ идентификаторы
38954
Редакция идентификаторы
38954_354218
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:40

0 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №563 Жарлығы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің Ішкі әскеріне, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Комитетінің Шекаралық қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық Гвардиясына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын.

2 2. Аудандық шақыру комиссиясы мынадай құрамда кұрылсын:

Мусин Шайдолла Сапарұлы - комиссия төрағасы, «Солтұстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Ахметжанов Болат Қадырұлы - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Әшімов Аян Әбуұлы - «Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығынын, тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары;
Сейтқожина Нұрсұлу Көшербайқызы – медициналық комиссияның төрайымы, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігерінің орынбасары;
Нұртазина Анипа Бақытжанқызы – комиссия хатшысы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінІң Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медициналық бибісі.

3 3. Селолық округ әкімдері азаматтарды хабарландыруды және олардың шақыру учаскесіне уақытылы келулерін қамтамасыз етсін.

4 4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау миңистрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, мыналар ұсынылсын:

шақырылғандарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияны дәрігер-мамандармен құрастыру;
комиссияны қажетті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету;
ауданның емдеу-алдын ала емдеу мекемелерінде шақыру комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін орындар қарастыру.

5 5. «Солтүстік Казақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен осы іс-шараларды өткізуге бөлінген қаражат шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

6 6. «Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:

шақыру және аттандыру кезеңінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
адандық шақыру пунктінде тәртіпті қамтамасыз ету.
шақыру пунктіне азаматтардың келуіне бақылауды жүзеге асыру, шақырудан бас тарту ниеттеріне жол бермеу.

7

7. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесі әскери қызметке аттандыру кезеңіне облыстық жинау пунктіне салтанатты шығарып салу рәсімін, спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру өткізсін.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш.Мусин
08 сәуір 2008 ж.
«Айыртау ауданының ішкі істер
бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Ильяшев
08 сәуір 2008 ж.
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
Айыртау аудандық емханасы»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнынын бас дәрігері
С.Сәдуақасова
08 сәуір 2008 ж.

Қолданыстағы