Құжат мәтініне өту

Балқаш ауданында 2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 11 · қабылданған 24.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-38970/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Балқаш ауданында 2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 11 ·24.01.2008
24.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Балқаш ауданында 2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 11 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Балқаш ауданында 2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Балқаш ауданында 2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11
Қабылданған күні
24.01.2008
Көрсетілген редакция
24.01.2008 · қолданыстағы 38970_346644.kaz
Соңғы өзгеріс
24.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08DF000041
ЭКБ идентификаторы
38970
Редакция идентификаторы
38970_346644
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:10

0 Балқаш ауданында 2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18 - бабына сәйкес Балқаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді ipiктey тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім шарт жасау үшін «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б. Скабаев) уәкілеттік берілсін.

3 3. Аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамардағы «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» № 970 каулысын күші жойылған деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінің орынбасары Е. Айдарбеқовке жүктелсін

5 5. Осы қаулы баспасөзден алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

6 Аудандық әкімдігін 2008 жылғы 24 қаңтардағы «Балқаш ауданында 2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» №11 Қаулысына қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс
берушілерді ipiктey ТӘРТІБІ
Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі (бұдан-әрі-тәртіп) Қазақстан Республикасның Бюджет Қодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен камту туралы» Заңына сәйкес, нысаналы топтағы халықтың жұмыспен дамтылу шараларын кеңейту мақсатында жасалған

1

1 1. Жалпы ереже.

1 1. Осы ереже өтінішпен келген нысаналы топтағы халықты жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуын және қаржыландыруын анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырағын ұйымдармен негізгі шарттар және есептеу жүйесін реттейді.

2 2. Осы ережеде қолданылатын, негізгі түсініктемелер:

1 1)әлеуметтік жұмыс орны-жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;

2 2)жұмыс беруші-қызметкер еңбек қатынастарында тұратын занды немесе

жеке тулға:

3 3. Әлеуметтік жұмыс орны үш ай мерзіміне беріледі.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру заңдары өз күшін сақтайды.

2

2 2. Жұмыс берушілерді іріктеу Tәpтібі

5 5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілер келесі өлшемдер бойынша іріктеледі:

1 1)әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарға арнаулы тиіс;

2 2)әлеуметтік жұмыс орындары уақытша болғандықтан оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс;

3 3)жұмыс берушінің жартылай жұмыс күнін немесе ыңғайлы кесте бойынша жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.

4 4)әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік жағынан пайдалы болуы керек.

6 6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органмен жұмыс түрі, көлемі, мөлшері және еңбекақы төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және мерзімі көрсетілген келісім шарт жасайды.

3

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері

7 7. «Еңбек туралы» Заң негізінде жасалған ай сайынғы жеке еңбек келісім шартына сәйкес және атқарылатын жұмыстың көлеміне, сапасына, күрделігіне байланысты жүзеге асырылады.

8 8. Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін тиісті өтемақы шығындары аудандық бюджетте қарастырылған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.

4

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды бақылау

8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруды бақылау заңмен белгіленген тәртіпте өкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.

Қолданыстағы