Құжат мәтініне өту

2008 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 100 · қабылданған 20.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-38990/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
2008 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 100 ·20.03.2008
20.03.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2008 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 100 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2008 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2008 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
100
Қабылданған күні
20.03.2008
Көрсетілген редакция
20.03.2008 · қолданыстағы 38990_327808.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZL000055
ЭКБ идентификаторы
38990
Редакция идентификаторы
38990_327808
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:50

0 2008 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасы мен 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836 қаулысын орындау, сонымен қатар аудандық мекемелер мен ұйымдардан түскен сұраныстар мен ұсыныстарға байланысты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін;

2 2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін;

3 3. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыздағы «2007 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы» №30 (тіркеу №7-12-43, 2007 ж. 17.04.; №27, 2007 ж. 20.04. «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Теректі ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы «2008 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы» №16 қаулы жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрғалиев Әлжан Жақсыгерейұлына жүктелсін.

6 6. Теректі ауданы әкімдігінің осы қаулысы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өтқен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тізімі

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 20 наурыздағы № 100
қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тізімі

1 1. Теректі ауданының Әділет басқармасы – 1 адам;

2 2. Теректі ауданының ішкі істер бөлімі - 1 адам;

3 3. Теректі ауданының соты - 1 адам;

4 4. Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі - 1 адам;

5 5. Теректі аудандық аумақтық инспекциясы - 1 адам;

6 6. Теректі ауданының «Луч» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - 1 адам;

7 7. Теректі ауданы бойынша Салық комитеті - 1 адам;

8 8. «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Теректі аудандық филиалының басқармасы - 1 адам;

9 9. Теректі ауданының мұрағат бөлімі - 1 адам;

10 10. Селолық округтер әкімдері аппараттары - 286 адам;

11 11. Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі - 2 адам;

12 12. Теректі ауданының ауыл шаруашылық бөлім - 1 адам;

13 13. Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі - 1 адам;

14 14. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі - 1 адам.

22 Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 20 наурыздағы № 100
қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Еңбек ақы (айына) теңге
Қаржыландыру көзі
1
Аумақты көгалдандыру, көркейту және тазалау, саябақтар шаруашылығын сақтау және дамыту жұмыстарына көмектесу. Республикалық және облыстық компаниялар өткізуге (қоғамдық пікірлерді сұрау, санақ жүргізу), жергілікті тұрғындардан салықтар жинау кезінде забарлама тасуға, жарыстар мен фестивальдар өткізуге, ағымды жөндеуге, тарихи-сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, лагерь аумағын жинастыруға, малдар мен өсімдіктерді зиянкестер мен ауруларға қарсы аталған мерзім ішінде жаппай тексеруден өткізуге, уақытша және маусымдық жұмыс мезгілінде және қызметтің өзге түрлеріне көмек көрсету.
10515
жергілікті бюджет
2
Құрылыс, жолдарды жөндеу және қалпына келтіру, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды күрделі жөндеу, қарттар мен І, ІІ топтағы мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеуден өткізу жұмыстарына көмек қолын ұсыну.
10515
жергілікті бюджет

Қолданыстағы