Ұлан ауданының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
ҚАЗҰлан ауданының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ұлан ауданының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Ұлан ауданының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 602
- Қабылданған күні
- 07.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2008 · қолданыстағы 39023_368770.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VQ000080
- ЭКБ идентификаторы
- 39023
- Редакция идентификаторы
- 39023_368770
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:42
0 Ұлан ауданының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттелік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 және 20 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабы 1- тармағының 8) – тармақшасына сәйкес 2008 жылғы көктемде және күзде азаматтардың мерзімді әскери қызметке дер кезінде өтуін қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім арқылы аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шығаруды және шығарып салуды дер кезінде жүргізсін.
2 2. 2008 жылғы көктемде және күзде азаматтарды мерзімді міндетті әскери қызметке шақыруды өткізу үшін мына құрамда аудандық комиссия құрылсын:
Бекежан Кайсанович Саниязов - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы, (келісім бойынша);
Назигуль Усеровна Сейсембина – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрғасмының орынбасары;
Айгуль Кабдыгалиевна Абышева – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктінің медбикесі, комиссия хатшысы, (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Искандер Хизатуллаевич Какенов - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери міндеттілерді келісім шарт бойынша жинақтау және шақыру бөлімше бастығы, (келісім бойынша);
Мейрамхан Алимханович Чистобаев – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, (келісім бойынша);
Сания Слямхановна Мухамеджанова – медициналық комиссиясының төрайымы аға терапевт-дәрігер (келісім бойынша);
Назигуль Базарбаевна Касеновна – аудандық білім бөлімінің әдіскері (келісім бойынша).
3 3. Аудандық округтер мен кенттер әкімдеріне, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары жасөспірімдердің әскерге шақыруға кешікпей, ұйымдасып келуіне жағдай жасап, оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
4
4. Ұлан аудандық ауруханасының бас дәрігеріне (Ж. С. Бухатов, келісім бойынша) әскерге шақырылатындар мен әскери оқу орындарына түсетіндерді медициналық тексеруден өткізу үшін, аудандық медициналық комиссия құру ұсынылсын. Аудандық қорғаныс бөлімінің әскерге шақыру пунктін қажетті құралдармен, медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен, флюрографиялық, электрокардиологиялық және де басқа қажетті құралдармен жабдықтауды ұйымдастыру ұсынылсын.
5 5. Аудандық әскери қызметке шақыру комиссиясы Молодежный кентіндегі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ұйымдастырылсын.
6
6. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. К. Уалиев, келісім бойынша) әскери шақырудан бас тартқандарды іздестіріп, оларды әскери шақыру пунктіне жеткізуге көмек көрсету, әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өткізу кезінде және жол жүру уақытында тәртіпті сақтауын қадағалау үшін әрбір ауылдық округтар мен кенттерден участкелік инспекторларды беруді ұйымдастыру ұсынылсын.