Об организации общественных работ в Шортандинском районе в 2008 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в Шортандинском районе в 2008 году
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылы Шортанды ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-1/66
- Қабылданған күні
- 09.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2008 39049_355451.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BR000052
- ЭКБ идентификаторы
- 39049
- Редакция идентификаторы
- 39049_355451
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:40
0 2008 жылы Шортанды ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы Заңының 7, 20 баптарына, Үкіметтің 2001 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 7, 8 тармақтарына сәйкес жұмыс табуда қиындық көріп отырған жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, оларды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2008 жылы Шортанды ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2 2. Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемінің түрлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - ММ) тұрғындарға және кәсіпорындар мен ұйымдарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу және оған ақы төлеу тәртібі туралы хабарлауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбекақысы аудандық бюджеттік қаражаттардан іс жүзінде орындалған жұмыс үшін бірақ 2008 жылға белгіленген ең аз еңбекақы мөлшерінде жүргізілсін.
5 5. Осы қаулының күші 2008 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқық қатынастарына таралады.
6
6. Шортанды ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 6 сәуірінде № 1-18-29 тіркелген, (№14 «Вести» аудандық газетінде 2007 жылғы 21 сәуірінде және №6 «Өрлеу» газетінде 2007 жылғы 14 сәуірінде жарияланған) аудан әкімдігінің «2007 жылы Шортанды ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 26 наурыздағы №а-2/37 қаулысы күшін жойған деп танылсын.
7 7. Қаулы Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ.Азденбаеваға жүктелсін.
9 Ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың көлемінің түрлерінің ТI3БЕСІ
Қосымша
Шортанды ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «09» сәуір
№ А-1/66 қаулысымен
бекітілді
Ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың көлемінің түрлерінің ТI3БЕСІ
Ұйымдар атауы
Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемі
Жұмыс орындарының саны
Орындалу мерзімі
«Шортанды ауданының Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумағын жинау
2
сәуір-маусым,
қыркүйек-қазан
«Шортанды ауданының Дамса селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру гүлзарларды күту, ағаш отырғызу, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумағын жинау
4
сәуір-маусым
«Шортанды ауданының Казцик селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумағын жинау
5
ақпан-маусым
«Шортанды ауданының Новокубанка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумағын тазарту, аймақты экологиялық сауықтыру
5
сәуір-маусым
«Шортанды ауданының . Новоселовка селолық округ әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, гүлзарларды күту, ағаш отырғызу, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумағын жинау
3
мамыр-шілде
«Шортанды ауданының Раевка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумағын жинау
4
наурыз-мамыр
«Шортанды ауданының Жолымбет кенті әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, жолдардың шұңқырларын жөндеу, кент аумағын жинау
14
ақпан-қыркүйек
«Шортанды ауданының Шортанды кенті әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, халық санағының шаруашылық жүргізу, су құбырлары коммуникациясын жөндеу, жолдардың шұңқырларын жөндеу, қар қалашығын салу, ағаш отырғызу, жердің құнарлылығын арттыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу, кент аумағын жинау
34
ақпан-желтоқсан
«Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім» ММ (келісімі бойынша)
Әскерге шақыру және тіркеу кезінде комиссияларға көмек көрсету, техникалық жұмыстар
8
Қантар-ақпан,
сәуір-маусым,
қыркүйек-қараша
«Шортанды ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ (келісімі бойынша)
Іс қағаздарын жүргізуге көмек
1
сәуір-маусым
«Ақмола облысының аймақтық қоршаған ортаны қорғау мекемесі» мемлекеттік ММ (келісімі бойынша)
Іс қағаздарын жүргізуге көмек
1
Наурыз-мамыр
Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша)
Құжаттарды өңдеу мұрағатқа тапсыру
2
Қаңтар- наурыз,
сәуір-шілде
«Шортанды ауданының жер қатынас бөлім» ММ (келісімі бойынша тары)
Іс қағаздарын жүргізуге көмек, техникалық жұмыстар
1
Қаңтар-наурыз
«Шортанды ауданының әділет басқармасы » ММ (келісімі бойынша)
Іс қағаздарын жүргізуге көмек, техникалық жұмыстар, мұрағатпен жұмыс
1
ақпан-сәуір
«Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорынының Ақмола облыстық филиалындағы Шортанды ауданының бөлімшесі (келісімі бойынша)
Зейнетақы істерін түптеу, зейнетақы және жәрдемақыларды қайта есептеуге
1
ақпан-сәуір
Ақмола облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталық» РМКК Шортанды бөлімшесі (келісім бойынша)
Мұрағатты құрастыру
3
Қаңтар-маусым
Ақмола облысының Шортанды аумақтық соттың Әкімшілігінің учаскесі (келісім бойынша)
Құжаттарды өңдеу, тігу және мұрағатқа тапсыру
1
Қаңтар-наурыз,
сәуір-шілде