Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года

Қаулы · № 70 · қабылданған 14.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39059/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ 70 ·14.04.2008
14.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 70 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70
Қабылданған күні
14.04.2008
Көрсетілген редакция
14.04.2008 39059_350983.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NS000072
ЭКБ идентификаторы
39059
Редакция идентификаторы
39059_350983
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:39

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19, 23-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запаска шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 3631 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір - маусымында, қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 200 қаулысына сәйкес, Ұзынкел ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, баска әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кезекті шакырылуы жөніндегі іс-шаралар 2008 жылдың сәуір - маусымында, қазан - желтоқсанында ұйымдастырылсын.

2 2. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.

3

3. Шақыру учаскелері мен жиналу пунктеріне жұмыс істеу үшін жіберілген шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық жұмыскерлердің және қызмет ететін тұлғалардың, әскерге шақырылушыларды хабардар ету мен іздестіру тобы мүшелерінің, яғни осы азаматтарды жіберіп отырған ұйымдардағы жұмыс орны, атқаратын лауазымы және орташа жалақысы сақталады.

4 4. Селолық округтер, Ұзынкөл және Троебрат селоларының әкімдері:

1 1) шақыру комиссиясының отырысына әскерге шақырылушылардың 100% толық келуін қамтамасыз етсін;

2 2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу үшін іс-шаралар ұйымдастырсын.

5 5. «Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) медициналық комиссияның жұмыс кезеңінде мыналарды орындау ұсынылсын:

1 1) шақырылушылардың сапалы медициналық тексерісін қамтамасыз ету және дәрігер-мамандарға көмекке қажетті медициналық персонал мен техникалық қызметкердің бір бірлігін жіберу;

2 2) қажет болған жағдайда шақырылушылардың денсаулық жағдайын қосымша тексеруді өткізу үшін медициналық мекемеде стационарлық орындардың резерві болуы;

3 3) шақырылғандарға медициналық сараптама жүргізу үшін дәрігерлер мен орта дәрігер қызметкерлерді бөліп беру.

6

6. «Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл селосының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкіміне, «Ұзынкөл аудандық мемлекеттік мұрағаты» «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің филиалының директорына (келісім бойынша) барлық кезеңге техникалық қызметкер міндеттерін атқару үшін бір қызметкерден «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлу ұсынылсын.

7 7. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақыруды жүргізу мен шақырылушыларды жөнелту кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

2 2) «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды шақыруды өткізуге және шақырылғандардың арасынан белгіленген әскери есептің ережелерін бұзғандарды анықтауға қажетті көмек көрсету;

3 3) әскери міндетін өтеуден жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді, оларды ұстап алып «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әкелуді жүргізу;

4 4) «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтінімі бойынша әскерге шақырылғандар мен шығарып салушылар арасында тәртіп сақтау үшін полиция жасағын бөлсін.

8

8. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыруды ұйымдастыру және жүргізу және әскерге жіберу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен 105 004-000 «Әскери қызметке тіркелу және шақыру жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша жүзеге асыру ұсынылсын.

9

9. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 14 мамырдағы 9-19-47, «Нұрлы жол» 2007 жылғы 24 мамырдағы № 21) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 69 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.

11 11. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

21 Аудандық шақыру комиссиясының негізгі құрамы

Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 14 сәуірдегі
№ 70 қаулысына
қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының негізгі құрамы
Уразалиев Омарғали Анатольевич - «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім»
мемлекеттік мекемесі, бастық, комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Ағытаев Нұрым Сабырұлы - «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі, жалпы бөлім бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары
Даиров Михаил Социалұлы - «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі
Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл
ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі,
бастықтың орынбасары (келісім бойынша)
Чиканаев Құдайберген Шаймерденұлы - «Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны, хирург
(келісім бойынша)
Саттыбаева Әсем Жаманшалқызы - «Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны, жасөспірімдер
кабинетінің медбикесі, комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
Жаркин Серғазы Амангелдіұлы - «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесі, жұмылдыру дайындығы мен аймақтық
қорғаныс бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Демин Юрий Васильевич - «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі, азаматтық қорғаныс жұмысын жұмылдыру және
төтенше жағдай жөніндегі бас маман, комиссиясы
төрағасының орынбасары
Қапаров Нұрлан Бағыткерейұлы - «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі
Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл
ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі,
қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы
(келісім бойынша)
Васильева Лидия Яковлевна - «Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны, дәрігер-терапевт
(келісім бойынша)
Забродина Тамара Ивановна - «Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны, медбике, комиссия
хатшысы (келісім бойынша)

Қолданыстағы