Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Қаулы · № 95 · қабылданған 07.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39060/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ 95 ·07.04.2008
07.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 95 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери қүрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
95
Қабылданған күні
07.04.2008
Көрсетілген редакция
07.04.2008 39060_300285.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NH000092
ЭКБ идентификаторы
39060
Редакция идентификаторы
39060_300285
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:42

0 Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери қүрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекет басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. Селолар мен селолық округтерінің әкімдері:

1 1) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабына сәйкес әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыру учаскеге келуін қамтамасыз етсін;

2 2) Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскери қызметін өтеуге шақырылған азаматтармен жұмыс істеген орындарында уақытылы есеп-айырысу жүргізуін бақылауға алсын;

3 3) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырсын.

3 3. «Денисов орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік қоммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):

1 1) аудандық медициналық комиссияны жетіспейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, сонымен қатар флюоропленкалармен және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;

2 2) әскерге шақырылушыларды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық куәландырудан өткізу үшін барлық жағдай жасалсын.

4 4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Денисов аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде:

1 1) мерзімді әскери қызметіне шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін;

2 2) жинақтау пунктінде әскери шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлсін.

5 5. «Денисов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаржыландыруды жергілікті бюджетте қарастырылған ассигнованиялар есебінен жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес жүргізсін.

6 6. Атқарылған жұмысы туралы ақпарат Денисов ауданы әкімінің аппаратына 2008 жылғы 10-шы шілдеге және 2009 жылғы 10-шы қаңтарға дейін берілсін.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Мұратбековқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы