Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Қаулы · № А-4/117 · қабылданған 09.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39095/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ А-4/117 ·09.04.2008
09.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ А-4/117 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года
Атауы (қаз.)
2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Азаматтарын кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-4/117
Қабылданған күні
09.04.2008
Көрсетілген редакция
09.04.2008 39095_354408.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08BL000087
ЭКБ идентификаторы
39095
Редакция идентификаторы
39095_354408
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:41

0 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Азаматтарын кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери қызмет және әскери міндет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өтеген, жедел әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа босату және 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке Қазақстан Республикасы азаматтарын кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Әскери қызметке азаматтарды шақыруды және ұйымдастыруды өткізу ережелерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өтеген, жедел әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа босату және 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке Қазақстан Республикасы азаматтарын кезекті шақыру туралы» Бұйрығына сәйкес, аудан әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесінде 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы азаматтарын кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз етілсін және ұйымдастырылсын.

2 2. 1 қосымшаға сәйкес азаматтарды шақыруды ұйымдастырып, өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы құрамы құрылсын.

3 3. 2008 жылдың сәуір-маусым айлары және 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтарға шақыру өткізу кестесі бекітілсін (қосымша 2).

4 4. Ауыл округтері әкімдеріне, ұйым және кәсіпорын басшыларына (келісім бойынша):

1 1) Әскерге шақырушыларды аудандық әскерге шақыру комиссиясына уақытылы келуін қамтамасыз етсін;

2 2) Әскерге шақырушыларды әскерге шақыру, стационарлық қаралу, емделу үшін уақытында жұмыстан босатсын.

5 5. Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери міндет туралы» Заңына сәйкес Ақмола облысының денсаулық сақтау Департаменті жанындағы «Жарқайың аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) Әскерге шақыру комиссиясына әскерге шақырушыларды медициналық куәландыру үшін бөлме бөлініп берілсін;

2

2) Денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы №100 бұйрығымен бірлесе бекітілген «Қарулы күштердегі, Қазақстан Республикасының өзге әскери жасақ және әскери құрылуындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережелері» №7 қосымшасына сәйкес әскерге шақыру комиссиясын қажетті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін.

3

3) Азаматтардың жедел әскерге шақырылуы өткізілгеннен кейін және «Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесі емделуге мұқтаж әскерге шақырушылардың тізімін ұсынғаннан кейін емдеу мекемелеріне бекітілсін және азаматтардың кезекті әскерге шақырылуына дейін емдеу жүргізуі қамтамасыз етілсін.

6 6. Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери міндет туралы» Заңына сәйкес, Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімінің бастығына (келісім бойынша) ұсынылсын:

1 1) «Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесін тергеуде жүрген немесе жазасы үшін міндетін өтеп жүрген әскерге шақырушылар туралы ақпараттандырсын;

2 2) Әскерге шақыру учаскесінде әскерге шақыру кезеңінде және Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне жіберуді өткізу кезінде қоғамдық тәртіп сүйемелдеуін қамтамасыз етсін;

3 3) Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақырылудан бас тартып жүрген тұлғаларға уақытылы іздеу жүргізу;

4 4) Ауылдық округтар әкімдеріне аудандық әскерге шақыру комиссиясына келмеген міндетті тұлғалардың жеткізілуіне жәрдем көрсетсін.

7 7. Осы қаулы 2008 жылдың 3 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін.

9 9. Осы қаулы Жарқайың ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған уақыттан бастап қолданысқа енеді.

19 Әскерге шақыру комиссиясының құрамы

Жарқайың ауданы әкімшілігінің
2008 жылғы «09» 04
№ А-4/117 қаулысына
1 қосымша
Әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Ділдебаев Дулат Бәкірұлы
«Жарқайың ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Мыңбаев Жанат Тасболатұлы
Жарқайың ауданының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері
Труханов Александр Владимирович
Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Ғазезов Кемелбай Ғазезұлы
медициналық комиссияның төрағасы, Ақмола облысының денсаулық сақтау Департаменті жанындағы «Жарқайың аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының хирургі (келісім бойынша)
Алимова Нина Ивановна
Ақмола облысының денсаулық сақтау Департаменті жанындағы «Жарқайың аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының медициналық бикесі (келісім бойынша)

20 2008 жылдың сәуір - маусымында жедел әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтарды әскерге шақыруды өткізу кестесі

Жарқайың ауданы әкімшілігінің
2008 жылғы «09» 04
№ А-4/117 қаулысына
2 қосымша
2008 жылдың сәуір - маусымында жедел әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтарды әскерге шақыруды өткізу кестесі

р/б
Округтар атауы
Шақырылуға тиістілердің саны
Келу күндері
1
Державин қаласы
44
03.04.2008 ж.
09.04.2008 ж.
2
Баранкөл
3
03.04.2008 ж.
3
Бірсуат
18
04.04.2008 ж.
4
Уәлихан
11
08.04.2008 ж.
5
Гастелло
19
08.04.2008 ж.
6
Далабай
8
03.04.2008 ж.
7
Зерноград
9
08.04.2008 ж.
8
Құмсуат
8
07.04.2008 ж.
9
Костычев
22
07.04.2008 ж.
10
Львовский
12
03.04.2008 ж.
11
Нахым
5
03.04.2008 ж.
12
Отрадный
11
09.04.2008 ж.
13
Пригородный
17
07.04.2008 ж.
14
Пятигорский
17
04.04.2008 ж.
15
Тасөткел
8
08.04.2008 ж.
16
Тассуат
3
09.04.2008 ж.
17
Жаңадала
8
09.04.2008 ж.
18
Үшқарасу
4
04.04.2008 ж.
19
Шойындыкөл
2
04.04.2008 ж.
20
Барлығы
229

р/б
Округтар атауы
Шақырылуға тиістілердің саны
Келу күндері
1
Державин қаласы
52
06.10.2008 ж.
08.10.2008 ж.
2
Баранкөл
5
01.10.2008 ж.
3
Бірсуат
14
03.10.2008 ж.
4
Уәлихан
18
02.10.2008 ж.
5
Гастелло
22
02.10.2008 ж.
6
Далабай
7
01.10.2008 ж.
7
Зерноград
10
02.10.2008 ж.
8
Құмсуат
14
07.10.2008 ж.
9
Костычев
24
08.10.2008 ж.
10
Львовский
14
01.10.2008 ж.
11
Нахым
8
01.10.2008 ж.
12
Отрадный
14
01.10.2008 ж.
13
Пригородный
19
06.10.2008 ж.
14
Пятигорский
21
03.10.2008 ж.
15
Тасоткел
12
07.10.2008 ж.
16
Тассуат
5
07.10.2008 ж.
17
Жаңадала
12
07.10.2008 ж.
18
Үшқарасу
7
03.10.2008 ж.
19
Шойындыкөл
4
03.10.2008 ж.
20
Барлығы
282

Қолданыстағы