2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
ҚАЗ2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 86
- Қабылданған күні
- 05.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2008 · қолданыстағы 39140_320637.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZH000061
- ЭКБ идентификаторы
- 39140
- Редакция идентификаторы
- 39140_320637
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:54
0 2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 - II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 5 тармағына, 19, 20 және 21 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Е.Кабиров) /келісім бойынша/ 2008 жылдың сәуір - маусым және қазан — желтоқсан айлары аралығында шақыру күндеріне 18 жасқа толған, сондай-ақ кейінге қалдырылған мерзімдері өткен 1984 - 1990 жылы туған азаматтарды әскери қызметке шақыру және оларды белгіленген мерзімде әскер қатарына жөнелту ұсынылсын.
2 2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
3
3. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыру, оларды әскер қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін және әскер қатарына алынушы жастарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен облыстық жинақ пунктіне Орал қаласына жеткізу үшін қажетті автокөлік бөлсін.
4 4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ж.Шакуов) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына қарай қажетті қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
5 5. Казталов ауданының Казталов аудандық ауруханасы (З.Мағзомов) Казталов ауданының Жалпақтал аудандық ауруханасы (Е.Рабаев) /келісім бойынша/.
1 1) шақыру кезеңіне арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті тәжрибелі дәрігер-мамандар, медбикелер бөлсін және қорғаныс істері жөніндегі бөлімді медициналық жабдықтармен, аспаптармен қамтамасыз етсін;
2 2) шақыру комиссиялары емдеу мекемелеріне жіберген шақырылушыларды стационарлық және емханалық тексеруден өткізсін;
3 3) осы мақсатқа арнап аудандық ауруханадан орын бөлінсін.
6 6. Аудандық ішкі істер бөлімі (Б.Бисенов) /келісім бойынша/
1 1) шақыру пунктінде әскерге шақырылушы азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз етсін;
2 2) шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы топ құрсын.
7 7. Аудандық қаржы бөлімі (Т.Мұқанов) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды әскери бөлімшелерге алдыру жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығындарға, аудандық бюджеттен қаралған қаражатын бөлсін.
8 8. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (Е.Кабиров) /келісім бойынша/ шақырудың барысы туралы аудан әкіміне дер кезінде мәлімдеп отырсын. Қорытынды ақпаратты 2008 жылдың 10 шілдесіне және 2008 жылдың 11 желтоқсанына тапсыру ұсынылсын.
9 9. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Садбековке жүктелсін.
10 10. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
16 Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
5 наурыздағы №86 қаулысына
Қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясы
Кабиров Ерлан Рысқалиұлы
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы
Өміралиев Қайыржан Мақсотұлы
аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері
Тасболатов Ерсайын Ізбасарұлы
аудандық аурухана дәрігері, медициналық комиссия төрағасы
Жұбандыков Айболат Хамитұлы
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Куанышева Нұржамал Ищановна
медбике, комиссия хатшысы
Комиссияның резервтік құрамы
Каримуллин Асхат Кимұлы
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығы, комиссия төрағасы
Нұрмақов Мұқтар Серікұлы
аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері
Сапахова Гүлнар Мутиғоллақызы
Жалпақтал аймақтық медициналық бірлестігінің жасөспірімдер дәрігері, комиссия төрайымы
Сұлташев Махамбет Бақсиықұлы
Жалпақтал полиция бөлімі бастығының орынбасары
Ищанова Гүлнар Кабаевна
медбике, комиссия хатшысы