Құжат мәтініне өту

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Қаулы · № 05/03 · қабылданған 01.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39153/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ 05/03 ·01.04.2008
01.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 05/03 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года
Атауы (қаз.)
2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
05/03
Қабылданған күні
01.04.2008
Көрсетілген редакция
01.04.2008 39153_332027.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KN000069
ЭКБ идентификаторы
39153
Редакция идентификаторы
39153_332027
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:45

0 2007 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы.

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заныңа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» № 623 қаулысына сәйкес және 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруы өткізілсін.

2 2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Ауыл және кент әкімдері.

1 1) 2008 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1981-1990 жылдары туған азаматтарды қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің тізбесі бойынша шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;

2 2) әскерге шақырылғандары шақыру комиссиясынан өткізу және жіберу үшін жеткізуін ұйымдастырсын.

4 4. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин-келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.

5 5. Аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев-келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын шақыру мерзіміне маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жиынтықтасын, кабинеттерді медициналық құрал-жабдықтармен және аспаптармен камтамасыз етсін.

6 6. «Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық – эпидемилогиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Нұра ауаны бойынша басқармасы (Гүлсара Құрашқызы Досполова-келісім бойынша) шақыру учаскесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.

7 7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Асхат Нұрмұханұлы Канафин – келісім бойынша):

1 1) әскери шақырудан жалтарғандардың іздестіруін және ұстауын қамтамасыз етсін;

2 2) әскерге шақырылғандарды жіберу және жеткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, олардын шақыру комиссиясына және әскерге жіберу кезінде қорғаныс бөліміне және Қарағанды қаласының областық жиналыс пунктіне дейін ере жүруін қамтамасыз етсін.

8 8. Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Рабиға Қосанқызы Кұтжанова) мерзімді әскери қызметке шақырылатындарды салтанатты шығарып салуды ұйымдастырсын.

9 9. Нұра ауданының қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруына байланысты, бюджеттен бөлінген қаржылар шектерінде қаржыландыруды жүргізсін.

10

10. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 14 қырқүйектегі «2007 жылы қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (2007 жылдың 25 қырқүйегінде Қарағанды облысы Әділет Департаментінің Нұра ауданының Әділет басқармасында тіркелінген, мемлекеттік тіркеу № 8-14-56) № 15/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

11 11. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.

12 12. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысының мемлекеттік
санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау
департаменті» мемекеттік мекемесінің
Нұра ауданы бойынша басқармасының бастығы
Г.К.Досполова
01.04. 2008 жыл
Аудандық медициналық бірлестігінің
директоры
О.Естаев
01.04.2008 жыл
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
К.Ш.Жолболдин
01.04.2008 жыл
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы А.Н.Канафин
01.04.2008 жыл

17 Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

Косымша
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 01.04.
№ 05/03 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

1 1. Жолболдин Қайролла Шәріпұлы -

комиссия төрағасы, Нұра ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)

2 2. Гизатуллин Фаниль Фанилұлы – аудан әкімі аппаратының азаматтық

қорғаныс және төтенше жағдайлар
жөніндегі бас маманының міндеттерін
атқарушысы, аудандық шақыру
комиссия төрағасының орынбасары

3 3. Сатемирова Бақытгүл - комиссия хатшысы аудандық

медициналық бірлестігінің
онкологиялық кабинетінің
медициналық бикесі
(келісім бойынша)

4 4. Протасенко Константин

Викторович - Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
(келісім бойынша)

5 5. Гизатуллина Лилия

Фанауиқызы - Аудандық медициналық бірлестігінің терапевт-дәрігері (келісім бойынша)

Қолданыстағы