Құжат мәтініне өту

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу весной 2008 года

Қаулы · № 08/08 · қабылданған 03.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39241/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу весной 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ 08/08 ·03.04.2008
03.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу весной 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 08/08 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу весной 2008 года
Атауы (қаз.)
2008 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
08/08
Қабылданған күні
03.04.2008
Көрсетілген редакция
03.04.2008 39241_332370.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KK000055
ЭКБ идентификаторы
39241
Редакция идентификаторы
39241_332370
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:43

0 2008 жылдың көктемінде

азаматтардың жедел әскери
қызметке шақырылуын
өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 19, 20 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі эскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, 2008 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке дер кезінде шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.

2 2. Мынадай құрамда комиссия бекітілсін:

Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов Бұқар жырау ауданының Корғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы,
әскерге шақыру комиссиясының төрағасы
Асхат Сағадиұлы Әли аудан әкімінің орынбасары, әскерге
шақыру комиссиясы төрағасының
орынбасары
Жасулан Оразгұлұлы
Жаппасов
аудандық ішкі істер басқармасы
бастығының орынбасары, полиция
подполковнигі
Мұрат Әлімұлы Байғожин ауданның бас дәрігерінің орынбасары,
медициналық персоналдың жұмысын
басқарушы дәрігер
Айгүл Қайырқызы Әбілдина аудандық орталық аурухананың
медбикесі, комиссия хатшысы

3 3. Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің жұмыс орны, атқарған қызметі және орташа еңбекақысы сақталсын.

4

4. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов (келісім бойынша) әскерге шақыру комиссиясының отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру мен өткізілуі бойынша Қазақстан Республикасының Заңының орындалуын қамтамасыз етсін.

5 5. Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) бекітілген кестеге сәйкес, әскерге шақырылуға жататын азаматтардың шақырылуын жүргізсін.

6 6. Коммуналдык қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны «Аудандық медициналық бірлестігі» (Қарағанды облысы денсаулық сақтау Департаментімен келісім бойынша):

1 1) Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарауына Заңға сәйкес, әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылуын өткізу үшін керекті маман дәрігерлер төмендегі құрамда бөлсін:

Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрігер-хирург
Зура Қайырбекқызы Жұмақаева дәрігер-невропатолог
Жұмагұлова Зәмзәгүл Жұмабекқызы дәрігер-психиатр
Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева дәрігер дермато-венеролог
Сара Сартайқызы Сембаева дәрігер-офтальмалог
Сәкен Ескендірұлы Барлыбаев дәрігер-стоматолог
Жібек Бахиқызы Жүнісова дәрігер-рентгенолог
Сағадат Кәбиұлы Кәкенов дәрігер-терапевт
Лев Львович Базелев дәрігер-отоларинголог

2 2) дәрігер-мамандардың ауруы немесе басқа орынды себептері кезінде медициналық комиссиясының төмендегі құрамы бекітілсін:

Қазкен Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрігер-хирург
Айгуль Сағадатқызы Мергембаева дәрігер-терапевт
Гүлжазира Базарбайқызы Бәкішева дәрігер-стоматолог

3 3) орталықтандырылған аудандық аурухана стационарында әскерге шақыру комиссиясының жіберуі бойынша әскерге шақырылушылардың қосымша тексерілуі мен емделуін өткізу үшін төсек орын резерві болсын. Қосымша тексерілуі мен емделуін шақыру комиссиясының нұсқаған және белгілеген мерзімінде жүзеге асырсын;

4 4) әскерге шақыру кезеңінде тіс емделуін мұқтаж ететін әскерге шақырушылардың ауыз қуысын санациялау қамтамасыз етілсін;

5 5) медициналық комиссияны керекті құралдар, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін, сонымен бірге маман-дәрігерлерге көмек көрсетуге медициналық бикелердің керекті санын бөлсін;

6 6) әскерге шақырылушыларды зерттеу және олардың әскери қызметке лайықты екендігі жөнінде шешім шығару үшін электрокардиограмма өткізүге қағаз, флюорографияға рентгенопленкалардың резерві болсын.

7 7. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруын өткізу барысында және Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімі бойынша емделуді мұқтаж ететін әскерге шақырушылар емдеу мекемелерге бекітілсін және әскерге шақыру біткенге дейін емдеу жүргізу қамтамасыз етілсін.

8 8. Аудандық қаржы бөлімі (Мұрат Ойдашұлы Исабаев) Заңының 44 бабына сәйкес, жедел әскери қызметке шақыруға байланысты іс-шараларды смета бойынша қаржыландыруды жүргізсін.

9 9. Селолық округтар және кентер әкімдері:

1 1) Заңның 18 бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімдері бойынша әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру комиссиясының күні туралы хабарласын, сонымен бірге кестеге сәйкес олардың 100 пайыздық келуін қамтамасыз етсін;

2 2) ауданның әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырушылардың жеткізілуін ұйымдастырсын, әскерге шақырушыларды тасымалдау кезінде қайғылы жағдайдың алдын алу жөнінде шаралар қабылдасын;

3 3) әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылушыларды жіберудің алдында оларды шақыру қағазында көрсетілген керекті құжаттардың бар болуын тексерсін.

10 10. Жеке меншіктің барлық түріндегі кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың басшылары әскерге шақыру және стационарлық тексеру уақытында әскерге шақырылушыларды жұмыстан босатсын.

11 11. Әскерге шақырылуды өткізу кезеңіне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкімдері аппаратының есеп және әскерге тағайындау бойынша бас мамандары тартылсын.

12 12. Заңның 18 бабына сәйкес аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша):

1 1) Бұқар жырау ауданының Корғаныс істері жөніндегі бөліміне жауапта жүрген немесе алдын-ала тергеуге қатысты әскерге шақырушылар туралы хабарлама жасап отырсын;

2 2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылғаннан бас тартатын әскерге шақырылушылардың іздеуі мен жеткізілуін жүргізсін;

3 3) облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылушылардың шақырылуы мен кетуі кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп қамтамасыз етсін.

13 13. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2008 жылдың 5 шілдесіне дейін ұсынсын.

14 14. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 қыркүйектегі №30/14 «2007 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы» (тіркелу нөмірі 8-11-45, аудандық «Сарыарқа» газетінде 2007 жылдың 27 қазанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

15 15. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.

16 16. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Келісілген
Бұқар жырау ауданы ішкі істер
басқармасының бастығы
С. Алиев
01.04.2008
Бұқар жырау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
Ө. Әбілов
01.04.2008
Қарағанды облысы
денсаулық сақтау
Департаментінің директоры
М. Шайдаров
01.04.2008

Қолданыстағы