Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Қаулы · № 140 · қабылданған 17.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39294/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ 140 ·17.04.2008
27.02.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 140 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года
Атауы (қаз.)
2008 жылғы сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
140
Қабылданған күні
17.04.2008
Көрсетілген редакция
27.02.2009 AI39294_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08C0003250
ЭКБ идентификаторы
39294
Редакция идентификаторы
AI39294_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:36

0 2008 жылғы сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңының 19, 20 бабтарына cәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді заспасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2008 жылғы 01 сәуірдегі N 563 Жарлығын іске асыру мақсатымен облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1."Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттiк мекемесi (Т. Б. Еренчиев) 2008 жылғы сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне және басқа әскери құрылымдарға әскерге шақырылған күнге дейiнгі 18 жастағы, мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан кейiнге қалдырылуға немесе босатылуға құқы жоқ ер азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.

2

2. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкiмдерiне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша департаментiне (С. Е. Аманбаев), "Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" (М. Е. Ибрашев), "Ақтөбе облысының денсаулық департаменті" (Қ. Қ. Сабыр), "Ақтөбе облысының ішкi iстер департаменті" (П. К. Нокин), Ақтөбе станциясы желiлiк iшкi iстер бөлiмiне (С. Ж. Сарсенов), мемлекеттік мекемелеріне Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі (басқарма) бөлімдерін жабдықталған әскерге шақыру (жинау) қостарымен, дәрi-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылық мүлiктерiмен, автомобиль көлiктерiмен, байланыс құралдарымен, қоғамдық тәртіп күзетімен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.

4 4. "Ақтөбе облыстық қаржы департаменті" мемлекеттiк мекемесi (С. Еңсегенұлы) әскерге шақыру жөніндегі iс-шараларды орындауға байланысты шығындарға 2008 жылы әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларға сәйкес 25498000 (жиырма бес миллион төрт жүз тоқсан сегіз мың) теңге бөлсiн.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М. А. Серікбаевқа жүктелсiн.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Комиссия мүшелерi:

Облыс әкiмдiгінiң
2008 жылғы 17 сәуірдегі
N 140 қаулысымен бекiтiлген
Облыстық әскерге шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Еренчиев
Тынышпек Байжұмаұлы
- "Облыстық қорғаныс істері
жөніндегі департаменті" ММ
бастығы, комиссия төрағасы
Мұқанов
Кенжетай Баяшұлы
- "Облыстық жұмылдыру дайындығы,
азаматтық қорғаныс, авариялар
мен дүлей апаттардың алдын
алуды және жоюды ұйымдастыру
басқармасы" ММ бастығының
орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Қарасай Берденұлы Күшелеков - "Ақтөбе облысының ішкі істер
департаменті" ММ бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Көшеров Ықсан Көшерұлы - "Бiлiм департаменті" ММ бас
маманы
Нармұхамедов Жәнiбек
Қарайұлы
- "Ақтөбе облысының денсаулық
сақтау департаменті"
ММ бастығының орынбасары
Аманшиев Бауыржан
Килбайұлы
- "Қорғаныс істері жөніндегі
департаменті" ММ бастығының
орынбасары - келісім-шарт
бойынша әскери қызметкерлерді
жинау және шақыру
басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
Есмақанов Есенгелдi
Бимәліұлы
- "Қорғаныс істері жөніндегі
департаменті" ММ бастығының
көмекшісі - дәрігер
(медициналық комиссиясының
төрағасы) (келісім бойынша)
Шатаева Инабат
Көбенқызы
- N 2 консультативті
диагностикалық емхана
медбикесі, хатшы
Лұқманов Роберт
Николайұлы
- "Ақтөбе облысының қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
ММ бастығының тәрбие,
әлеуметтік және психологиялық
жұмыстар бойынша орынбасары -
ТӘжПЖ бөлімі бастығы (келісім
бойынша)
Бахтиярова Ольга
Сергеевна
- ТӘжПЖ бөлімі бастығының аға
әскери маманы (психолог)
(келісім бойынша)
Сыдықов Жанат
Выратбекұлы
- "Ақтөбе облысының қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
ММ заңгер-кеңесшісі (келісім
бойынша)
Шақыру бөлімі бастығы Сундетов К

Қолданыстағы