Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и в октябре-декабре 2008 года

Қаулы · № 584 · қабылданған 15.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39336/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и в октябре-декабре 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ 584 ·15.04.2008
15.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и в октябре-декабре 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 584 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и в октябре-декабре 2008 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
584
Қабылданған күні
15.04.2008
Көрсетілген редакция
15.04.2008 39336_261091.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NB092106
ЭКБ идентификаторы
39336
Редакция идентификаторы
39336_261091
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:38

0 Қазақстан Республикасының Қарулы

Күштеріне, басқа әскерлеріне және
әскери құрылымдарына азаматтарды
2008 жылғы сәір-маусымында және
қазан-желтоқсанында мерзімді әскери
қызметке кезекті шақыруды жүргізуді
ұйымдастыру және қамтамасыз ету
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына және Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 200 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне , басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (2008 жылғы 10 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 3631) қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2

2. «Рудный қалалық психиатриялық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігеріне (келісім бойынша) «Рудный қаласының қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсәпорның бас дәрігеріне (келісім бойынша), «Рудный қалалық тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша), «Рудный қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша), «Рудный туберкулезге қарсы диспансері» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігеріне (келісім бойынша):

1 1) қосымша тексеруге жіберілген әскерге шақырушыларды стационарлық тексерістен өткізу үшін қажетті емделетін орын санын бөлу;

2 2) тексерістен және хирургиялық әрекеттен өту үшін шақыру комиссиясы жіберген әскерге шақырушыларды кезектен тыс қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. «Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша):

1

1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен (келісім бойынша) бірлесіп әскерге шақырушыларды іздестіру және шақыру комиссиясынан өту үшін «Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемемсіне жеткізу жөніндегі шұғыл топты құру;

2 2) шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын;

3 3) әскерге шақырушыларды Қостанай қаласының облыстық жинақтау пунктіне тасымалдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Меншікке нысанына қарамастан барлық ұйымдардың басшыларына:

1 1) әскерге шақырушылар туралы қажетті мәліметтерді уақытылы ұсыну, сондай-ақ оларды «Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру туралы хабарлау және олардың шақыру комиссиясынан өту және әскерге жіберу үшін келулерін қамтамасыз ету;

2 2) әскерге шақырушыларды әссапарларынан және демалыстарынан шақыру ұсынылсын.

5 5. Қашар поселкесінің әкімі және Горняцк поселкесінің әкімі әскерге шақырушыларға хабарлауды ұйымдастырсын, сондай-ақ әскерге шақырушылардың шақыру учаскесіне уақытылы келуін қамтамасыз етсін және шақыру комиссиясы медициналық тексеру үшін жіберген әскерге шақырушыларды бақылауды жүзеге асырсын.

6

6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Рудный қалалық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жіберу кезеңінде мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздеуді және ұстауды жүргізу ұсынылсын.

7 7. «Рудный қалалық мәдениет және тіл дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы әскери қызметтен өту үшін жіберілетін әскерге шақырушыларды салтанатты түрде шығарып жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.

8 8. Шақыруды хабарлау, өткізу, әскерге шақырушыларды медициналық куәландыру және жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындаумен байланысты шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ шаруашылық жұмыскерлердің жалақысы қалалық бюджет қаражаттары есебінен жүргізіледі.

9 9. «Рудный қаласының қоғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты 2008 жылғы 10 шілдеге қарай және 2009 жылғы 10 қаңтарға қарай Рудный қаласы әкімінің аппаратына беру ұсынылсын.

10

10. Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 420 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылғы сәуір-мауысымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасых ету туралы» (2007 жылғы 7 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-81, 2007 жылғы 15 мамырда «Рудненский рабочий» газетінде № 37 болып жарияланған) қаулысы күшін жойды деп саналсын.

11 11. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.

12 12. Осы қаулы оны ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы