Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Қаулы · № 66 · қабылданған 16.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-39395/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Күшін жойған Қаулы ·№ 66 ·16.04.2008
16.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 66 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66
Қабылданған күні
16.04.2008
Көрсетілген редакция
16.04.2008 39395_353487.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NE000065
ЭКБ идентификаторы
39395
Редакция идентификаторы
39395_353487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:37

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 200 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (2008 жылғы 10 сәуірдегі нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу нөмірі 3631) қаулысы негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер жынысты азаматтарды, шақырудан кейінге қалдырылу құқығынан айырылған ересек жастардың мерзімді әскери қызметке шақырылуы 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында ұйымдастырылсын және өткізілуі қамтамасыз етілсін.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізу бойынша аудандық комиссияның құрамы бекітілсін.

3 3. «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Д.С. Айсин) (келісім бойынша):

1 1) шақырылушылардың аудандық шақыру комиссиясына келу есебін құру және Алтынсарин ауданының әкімімен бекіту, оны орындаушыларға жеткізу;

2 2) уақытша жұмысқа техникалық жұмыскер қабылдау ұсынылсын.

4 4. Селолық округтер мен селолардың әкімдері шақыруды өткізу кезеңінде ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін:

1 1) келу есебіне сәйкес шақырылушыларды «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне хабардар етуді және уақытылы келуді;

2 2) қосымша медициналық тексеруге жолданылған шақырылушыларға бақылауды.

5 5. «Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (Ж.Қ. Куанова) (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңінде ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын:

1 1) келу есебіне сәйкес азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесін дәрігер - мамандар және орта буын медициналық қызметкерлермен;

2 2) медициналық комиссияны қажетті медициналық құрал-жабдықтармен, мүліктермен жабдықтауды;

3 3) стационарлық тексеру үшін орындармен қамтамасыз ету.

6 6. «Қазақстан Республикасы ішкі істер миністрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Б.С. Ағаділов) (келісім бойынша) шақыруды жүргізу кезеңінде:

1 1) әскери міндеттерді орындаудан бас тартқан тұлғалардың іздестіруін және ұстауын өз құзыры шегінде іске асыру;

2 2) медициналық және шақыру комиссиясынан өту кезеңінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдау үшін «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлу ұсынылсын.

7

7. «Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2008 жылдың сәуір -маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шараларды 2008 жылға арналған көзделген қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

8

8. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 2 мамырдағы № 125 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
(2007 жылғы 21 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмері 9-5-45, 2007 жылғы 31 мамырдағы № 18 «Таза бұлақ - Чистый родник» газеті).

9 9. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

20 Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізу бойынша аудандық комиссияның құрамы

Әкімдіктің
2008 жылғы 16 сәуірдегі
№ 66 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізу бойынша аудандық комиссияның құрамы
Айсин Дархан Сұлтанбекұлы - "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Таңқыбаев Кенеш Ғалибекұлы - Алтынсарин ауданы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мушелері:
Әубәкіров Қалихан Сақанұлы - "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызмет жөніндегі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Қуанова Жанна Құсайынқызы - "Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Қалмұрзаева Салтанат Қажмұханқызы - "Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сактау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Резервтік құрамы:
Тортаев Ерлан Боканұлы - "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Мүсәпірова Светлана Сағындыққызы - аудан әкімі аппараты басшысының міндеттерін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әубәкіров Руслан Бахытжанұлы - "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім боиынша)
Оразбаева Айман Қабдұлқызы - "Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының дерматолог дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Горшкова Светлана Николаевна - "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің техникалық қызметкері, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Қолданыстағы